Новости:
03 мамыр 2018 жыл
2018 ж. 3 мамырында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің акт залында «ОМҒТҚА мәнгілік полкі» атты көрмесінің таныстырылымы өткізілді. Көрмеде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлерінің отбасылық архивінен алынған құжаттар және ОМҒТҚА жеке тектік қорларында сақталған майданнан келген хаттар, соғыс жылдары түсірілген фотосуреттер мен соғыс жылдары туралы жазылған естеліктер назарға ұсынылды.
Ұлы Отан соғысы – тарихтың бір секундқа да жабылмаған беттердің бірі, басынан өткізгендерде және олардың ұрпақтары. Бұл таң қаларлық емес.
Міне, осындай соғыс жағдайында, адамзат баға жетпес және жан-жақты тәжірибеге иеленеді: әскери өнер, өзін бағалау және құрбаншылық ету, басқаларға аяушылық көрсетіп, сайып келгенде, осындай сұрапыл заманда аман қалу болды.
Дәл осындай, біздің еліміздің өткен тарихының ерлік куәліктерінде - қиын жағдайда Отанды қорғауға тұрып және өз өмірінен құрбан етіп қорғаған ержүрек ұл қыздарының ерліктерінде шынайы патриоттық сезім, өз Отанына деген сүйіспеншілік негізденеді.
Көрмеге құжаттар, фотосуреттер, жауынгерлердің майданда жазған хаттары, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жауынгерлік марапаттары мен сол уақытта батырлық және қайғылы кезеңің газеттегі жариялаулары ұсынылған. Соның ішінде, ең бағалы экспонаттар - Қызыл Армия офицері Жолдасбаев Омарбектің орден мен медальдар тағылған кителі, 1942 жылы жауынгер С.В. Полосухин жараланған снарядтың сынығы, оның жеке деректері сақталған капсуласы және оның жауынгерлік марапаттары.
Отбасылық қорларынан басқа көрмеде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде сақтауда жатқан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке тектік қорларынан алынған құжаттары, материалдары мен марапаттары көрсетілген.
Іс шараны құттықтау сөзімен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві директордың м.а. Жұматаева Б.А. ашты. Сөз сөйлеу барысында келген қонақтарға алғысын білдіріп, ардагерлер мен қатысушыларды келе жатқан Отан Қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Кезекті құттықтау сөзін Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архиві директордың м.а. Тойбаев Т.Н. берілді.
Көрменің таныстырылымы аясында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архиві дайындаған қазақстандықтардың 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысуы және олардың Жеңіске қосқан үлестері туралы бірегей кадрлар жинақталған деректі фильм көрсетілді.
Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері Керимкулов Жанбыр Керимкулович, Абдулов Иван Акимович және Рамазанова Бижамал Рамазановна өздерінің естеліктерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар тарапынан ардагерлерге кішігірім сыйлықтар табыс етілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Есеболат Азиза Ұлы Отан соғысына қатысқан атасы туралы естеліктерімен бөлісті.
Іс-шараның қорытындысы ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен соғыстың айтулы оқиғаларына байланысты сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Белсенді қатысқан студенттерге сыйлықтар берілді.























Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz