Новости:
16 сәуір 2015 жыл
2015 ж. 16 сәуірінде 1940-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай арналған «Ұлы Жеңістің қазіргі таңдағы ғылыми-тарихи маңызы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына ОМҒТҚМ қызметкерлері Грибанова Е.М., Печерских В.Е. қатысты.
Конференцияны Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ұйымдастырды. Іс-шараны өз құттықтау сөзімен ҚазХҚжӘТУ ректоры, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Құнанбаева С.С. ашты.
Қазақстан Республикасында жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша Ресей ынтымақтастығының тәжірибелік жұмысы туралы Ресей Федерациясының консулы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Переверзева И.В. айтып өтті. Панфиловшылар дивизиясының ерлігі туралы Ш. Уалиханов атындағы этнология және тарих Институтының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Алдажұманов К.С. сөз сөйледі. ҚР ПМ бас сарапшысы Чиликова Е.В. берілген тақырып бойынша құжатты ақпараттарға шолу жұмыстары туралы Мұрағат ұжымының жұмысы мен оған әлем тілдері университетінің студенттері де барынша көмек көрсеткендігін хабарлады.
Орталық ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының мұарағатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Грибанова Е.М. «Освободители. Вызваліцели. Азат етушілер: Воспоминаня, очерки, статьи, документы, стихи» (Алматы: Раритет, 2009), «Казахстан – Украина: дороги и перекрёстки. 1917–2008 гг. Сборник воспоминаний и документов. – Алматы: Print Express, 2009), «Сын Казахстана и Эллады: Спиридон Георгиевич Космериди. Сборник документов и материалов за 1942–2014 гг.» (Алматы: Print Expres, 2014), «Из истории депортаций Казахстан 1935–1939 гг. Сборник документов» (Алматы: LEM, 2014) құжатты жинақтардың негізінде жасалған «Многоликая Отечественная...(повседневность войны в «эго» документах казахстанцев)» атты хабарламасын жолдады. Сонымен қатар, Сәрсенова Г.С. және Богданова О.С. «Сюжеты из жизни в оккупации и эвакуации» (Тарих. Естелік. Адамдар. VII Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының материалдары. Алматы қ. 2014 ж. 19 қыркүйегі) жарияланымы және ОМҒТҚМ мұрағатында сақтаулы жатқан құжаттары да пайдаланылды.
Өз зерттеулерінің нәтижесі ретінде, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Жанақова Н.Т., ұстаз Макашева Ж.С. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Институттың қызметі туралы баяндады.
Кейін конференция мына секциялар бойынша өтті: «Кейінгі ұрпаққа қалдырған Ұлы Отан соғысының сабақтары», «Ұлттық және Халықаралық қаіпсіздік мәселелері».





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz