Новости:
17 мамыр 2018 жыл
14 мамыр 2018 ж. Петропавл қ. Солтүстік Қазақстан облысы архиві қызметінің 95 жылдығына және «ҚР Ұлттық архив қоры және архивтер» Заңының 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, «Ақпараттық кеңістіктегі архивтердің рөлі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына ОМҒТҚА директорының м.а. Б. А. Жұматаева және жоғары деңгейлі білікті маман архивисі А. К. Еркенова қатысты.
Конференция жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы - Е. А. Рахимов және осы басқаманың қызметкерлері, ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Архив ісі мен құжаттама департаментінің өкілі А.С. Тоқтаров, Омскден (Ресей), Казаньнан (Ресей), Астана, Алматы ққ., Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарынан архив басшылары мен мамандары қатысты.
Конференцияны СҚО Мемлекеттік архивінің директоры С.З. Маликова құттықтау сөзімен ашты. Бұдан әрі қатысушылар бағдарламаға сәйкес сөйледі. Барлық қатысушылардың баяндамалары Солтүстік Қазақстан архивінің мамандары дайындаған конференция жинағына кірді.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар архивтік құжаттар көрмесін тамашалады:
1. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві «Өте сирек құжаттар көзін» дайындаған.
2. Омск облысы, Омск қаласы тарихи архивінің «1896, 1902-1903 жж. қазақ этнографиясы бойынша құжаттар көрмесі».
Бұдан кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы семинар-кеңес өткізілді. А.С. Тохтаров архив саласындағы Заң жобасының негізгі мақсаты мен түзетулер мемлекеттік архив қызметі ұсынатын қызметтердің тізімін, соның ішінде ақылы қызметтер туралы айтып өтті.
Конференция қатысушылары үшін мәдени демалыс ретінде Абылайхан Резиденциясы мен Солтүстік Қазақстан облысы тарихи-өлкетану музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды.














Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz