Новости:
21 мамыр 2018 жыл
2018 жылдың 18 мамырында сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 13-ші рет Халықаралық музейлер күні мерекесіне арналған «Гиперкоммуникация дәуіріндегі музейлер» атты девизімен «Музей түні» іс-шарасын өткізді. Музей түніне Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Л.А. Ануарханова қатысты.
Алматылықтар мен қала қонақтарына жаңа бағдарлама, оның ішінде музейдің қор коллекциясы негізінде құрылған және Қазақстан суретшілерінің авторлық жұмыстары қойылған көрмелер ұсынылды: «Ұлы Жібек жолындағы орта ғасырлық қалалар: қыш ыдыстағы ою-өрнектер (музей қорындағы керамикалық материалдар негізінде)», «Жаңғырған мұра», «Адам. Дәуір. Байланыс», «Руханият ескерткіштері» және т.б. Интерактивті экспозициялар «Ән атасы – Әміре», «Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы», «Ортағасырлық керамикадағы бейнелі өрнектер: қазіргі көзқарастар», «Белгілі заттың белгісіз қырлары», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» келушілерді өткен ғасыр тарихымен және қазіргі заман көріністерімен танысуға мүмкіндік берді.
Мереке күні келушілерге І, ІІ, ІІІ, ІV залдар – «Палентология және археология», «Тарихи этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және Диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарына тегін кіріп, экскурсия тыңдау мүмкіндігі берілді.



Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz