Новости:
26 мамыр 2018 жыл
2018 ж. 25 мамырында ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Орталық мемлекеттік архиві мен ҚР ОМҚДЖА бірлесіп ұйымдастырған 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының батыры, аты аңызға айналған партизан, Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтың 100-жылдығына орай өткізілген «Даңқты партизан Қасым Қайсенов» атты Дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Аталған іс-шараға Қ. Қайсеновтің жеке қорынан алынған бірегей құжаттардан көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға ҚР ОМҚДЖА архив қорлары бойынша дайындалған Қ. Қайсеновқа байланысты деректі кадрлар топтамасы, сондай-ақ 2001 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген С. Махмуттың «Партизан Қасым Қайсенов немесе жай ғана Вася» атты фильмінің үзінділері көрсетілді.
Дөңгелек үстел қатысушылары өздерінің Қасым Қайсеновпен жеке кездесулері туралы естеліктерімен бөлісті. Қ. Қайсеновтың отбасы мүшелері болашақ ұрпақ үшін қазақ елінің біртуар ұлының құжаттық мұрасын сақтауда - архивістердің өте қиын, бірақ өте қажетті еңбектеріне алғыстарын білдірді.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz