Новости:
01 маусым 2018 жыл
2018 ж. 30 мамырында заманауи сәулет өнерінің танымал тарихшысы Елизавета Григорьевна Малиновскаяның «Памятник современной архитектуры» және «Репрессированная архитектура – сталинские новостройки, творчество и судьбы архитекторов» атты еңбектерінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға ОМҒТҚА қызметкерлері Г.Т. Абилкасимова мен Ә.Қ. Еркенова қатысты.
Жарияланған еңбектер өте өзекті сәулет өнерінің мәдени мұраларын сақтап қалу мәселелеріне арналған. Автор кеңестік кезеңде салынған ғимараттардың тарихы және олардың бүгінгі тағдырына басты назар аударған. «Памятник современной архитектуры» кітабының материалдары 1920-1930-шы жж. Алматы қ. әлеуметтік құрылыстары мен кеңестік сәулет тарихының бейтаныс, бірақ өте маңызды кезеңімен таныстырады.
Е.Г. Малиновскаяның келесі еңбегі «Репрессированная архитектура – сталинские новостройки, творчество и судьбы архитекторов» атты кітабында да кеңестік сәулет өнерінің шынайы тарихын жандандырып сонымен қатар олардың ұсталарының тағдыры туралы айтылған. Бұл еңбек сәулет өнері саласындағы қуғын-сүргін мәселелерін зерттеуге бағытталған.
Сондай-ақ тұсаукесерде жарияланған кітаптардың тематикасымен тікелей байланысты қуғын-сүргін құрбандарының, танымал суретшілердің А. Черкасский, В. Брюммер, Н. Катаевский, П. Реченский, С. Саносянның еңбектері келушілердің назарына ұсынылды. Көрменің екінші бөлімінде «Сүйікті қаламның пейзаждары» тақырыбында танымал қазақстандық суретшілердің (1940–2000 жж.) суреттері көрсетілді.
Іс-шара барысында автор жариялаған еңбектері туралы қысқаша айтып өтті. Кештің қорытындысы ретінде қатысушылар Елизавета Григорьевнаға жариялаған еңбектері және сәулет өнері саласы бойынша ғылымға қосып жатқан үлестері үшін алғыстарын білдірді. Е.Г. Малиновская Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне өзінің кітаптарын табыс етті.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz