Новости:
13 маусым 2018 жыл
2018 ж. 12 маусымда (Польша Республикасы) Варшавада Халықаралық Архив Кеңесі (ЕВРАЗИКА) Евро-Азиялық аймақтық бөлімшесінің 19-шы Жалпы конференциясы ашылды.
Конференцияны Польша Республикасының Мәдениет және ұлттық мұра Министрі Петр Глинский ашып қатысушыларға құттықтау сөзін айты.
Осы форум шеңберінде «Қазіргі заманғы архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізілді.
Конференцияда қатысушы елдердің өкілдері 2017-2018 жж. өз елдерінде архив ісін дамыту туралы қысқаша хабарламалар жасады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі мен құжаттама департаментінің директоры Әлия Мұстафина «Қазақстан Республикасындағы электрондық құжаттардың сақталу мәселелері» туралы баяндап берді.
Қатысушылар ең басты мәселе – бұл электрондық құжаттардың сақталуы және олармен жұмыс жасау екенін атап өтті. Осы қызметтің түрін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басымдықтарының бірі болып табылады. Сондай-ақ, архивистің әлеуметтік мәртебесі барлық жерде анықталмаған, әлеуметтік қамтамасыз ету мен жалақы деңгейі төмен. Бірақ сонымен қатар, архив саласының дамуы мен жаңа ғимараттар салуы байқалады.
Конференцияның күн тәртібінде 2017-2020 жж. өңірлік бөлімшесінің жұмыс Жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат, оның білім беру бағдарламасы, ЕВРАЗИКА-нің Еуропалық және Шығыс-Азиялық аймақтық бөлімшелерінің қызметі туралы айтылды.
Конференция қатысушылары поляк еврей тарихи музейіне және Польша Орталық көне актілер архивіне барды.
Сондай-ақ, ЕВРАЗИКА жұмысында қазақстандық делегация құрамында ОМҒТҚА директорының м. а. Б. А. Жұматаева қатысты.
Конференция өз жұмысын 14 маусым 2018 ж. аяқтайды.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz