Новости:
15 маусым 2018 жыл
2018 ж. 11-13 маусым аралығында ОМҒТҚА қызметкерлері Абилкасимова Г.Т., Акимжанова Д., Еркенова А.К., Толбаева Б.Х. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президент Архиві және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті негізінде өткен ТМД елдері жас архивістердің Екінші Жазғы мектебінің тыңдаушылары болып сертификат алды.
Жазғы мектептің салтанатты ашылу рәсімінде, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Жапаров Б.Ә., ҚР Президент Әкімшілігінің бөлім бастығы Тілеубеков Г.У., Алматы қаласындағы АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Марк Муди, Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Радослав Грук, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің деканы Ноғайбаева М.С. құттықтау сөз сөйледі.
ІІ Жазғы жас архивістердің мектебіне Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан архивистері, сонымен қатар республикалық архивтер мен барлық Қазақстан аймақтарынан архивистер қатысты.
Салтанатты бөлімнен кейін негізгі дәріс оқутушылар: Польша Ұлттық зерде институты директоры Марзена Крук және Мэриленд Университетінің профессоры (АҚШ) Адам Крисбергтің лекциялары тыңдалды. Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің мамандары тыңдаушыларға арнайы таныстыру экскурсия өткізіп, өз архивінің техникалық жабдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, оқу залында архивтік жүйеге веб-ресурс арқылы виртуалды кіруі, архивтік деректер базасына қашықтан қол жеткізуі қарастырылған.
12 және 13 маусым аралығында сабақтар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасының мәжіліс залында жалғасып профессор Mарзена Крук, тарих ғылымдарының докторы, университет профессоры Көкебаева Г.К., сондай-ақ Польша профессоры Станислав Коллердің дәрістері тыңдалды. Оқу соңында дөңгелек үстел өткізілді, тыңдаушылар арасында Жазғы мектебінің дәріс оқытушыларының қатысуымен пікір алмасылды.
Қатысушылар соңғы күні Адам Крисбергтің дәрістерін тыңдады. Оқу бағдарламасының соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Күннің екінші жартысында Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінің мамандары қатысушыларды қарсы алып экскурсия жүргізді.
2018 жылы Жазғы мектептің қатысушыларының саны былтырғы жылмен салыстырғанда үш есеге артты. Жазғы мектептің өткізілуі жақсы дәстүрге айналуда. Мұнда жас архивистер тек жаңа нәрселерді үйреніп, тәжірибе алмасып қана қоймай, жаңа таныстар, достар табады және іскерлік байланыстар орнатады.












Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz