Новости:
04 шілде 2018 жыл

2018-жылдың 4-шілдесінде ОМҒТҚА қызметкерлері А. А. Тұрсыналиева мен М. М. Бейсембаева «Астана тәуелсіздіктің жемісі» атты ашық тарихи-құжаттық көрмеге қатысты. Бұл іс-шара Қазақстанның астанасына 20 жыл толуына, сондай-ақ Қазақстан архив заңнамасының 20 жылдығына орай өткізілді. Бұл іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің архиві және Архивтік Қоғамдық кеңес. Іс-шара аясында кітаптар көрмесі мен қатар Дөңгелек үстелде өткізілді.
Қонақтар мен қатысушылар іс-шара барысында ҚР ПА қорындағы құжаттармен, ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың ҚР Жоғарғы Кеңес сессиясындағы отырыста астананы Ақмола қаласына көшіру туралы сөйлеген сөзі, мемлекеттік рәміздердің эталоны мен Президент Байрағын Ақмола қаласына беру, «ҚР мемлекеттік егемендігі» ҚР Конститутциялық Заңының мәтінімен, ҚР Президентінің астана туралы Жарлығымен, Ақмоланың арнайы экономикалық аймағының құрылымымен, Ақмола қаласын мемлектіміздің астанасы болып хабарлануы, Ақмола қаласының Астана қаласы болып ауысуы, Астана қаласына «Астана-Бәйтерек» монументін орнату, ҚР Президенті Әкімшілігінің 1997 жылығы 21 сәуірдегі Ақмола қаласына көшу туралы дайындық жоспарымен, архив коллекцияларының бірегей фотосуреттерімен танысты.
Дөңгелек үстелде қоғам және мемлекет қайраткерлері, архив ісінің ардагерлері, ҚР Президенттік Архив Қоғам кеңесінің мүшелері бас қосты.


Сондай-ақ, осы күні архив қызметкерлері Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі ұйымдастырған «Астана Евразия жүрегі» атты ашық көрмеге де қатысты. Көрмеде қазақстанның суретшілері мен сәулетшілерінің, балалар шығармашылығын дамыту орталығы мен бейнелеу студияларына қатысушылардың шығармалары көрсетілді.
Осы жылы бізідің еліміз Қазақстанның астанасы - Астанананың 20 жылдық мерей тойын атап өтпек. Астана біздің Отанымыздың жүрегінде ұлан ғасыр тарихы бар әлемдегі ең жас қала, Егеменді Қазақстанның-символы. Халықаралық ТЮРКСОЙ мекемесінің 2012 жылғы шешімімен Астана түркі әлемінің мәдени астанасы деп аталынды.
«Астана-Евразия жүрегі» көрмесі алуан түрлі жұмыстармен таңқалдырады. Көрмеде 200-ден астам түрлі жанрдағы бейнелеу және қолданбалы өнер ұсынылған. Бұл суреттер, кескіндемелер, шығармашылық композициялар, әртүрлі жанрлар мен техникаларда жасалынған академиялық жұмысы, сонымен қатар қазақ халқының заманауи қолөнері, сәндік-қолданбалы өнер, мүсінінің үлкен коллекциясы. Біздің астанамыз әр суретшінің шығармасында әр қилы бейнеленген.
Көрме экспозициясына белгілі 50 шебердің, балалар шығармашылығы орталықтарының және бейнелеу өнері студиялары 50 шәкіртерінің жұмыстары қойылды, бұның өзі өнердегі ұрпақтар сабақтастығын аңғартады. Көрме экспозициясында Жұмаділхан Керімбек, Мұратбек Тұрбай, Елена Шарапова, Ардақ Амантаева, Есіл Қазбекова және т.б.шығармаларымен қатар Мәлік Жүнісбаев, Саят Битуғанов, Дәурен Досмағанбетов сынды мүсіншілердің қолтумалары бар. Бұл жолы: «Лидия Дроздованың Арт-Шеберханасы», «Шедевр», «Веселая ромашка», «Да Винчи» және т.б. бейнелеу өнері студиясының суретшілері өз қолтумаларын көрермен назарына ұсынып отыр. Балалар Астананы өз қабылдауынша бейнелеуге тырысады.
Көрменің ашылуы күні балаларға концерттік бағдарлама, шеберлік сабақтар және залдар экспозициясы бойынша экскурсиялар мен қызықты бағдарлама дайындалды.




















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz