|
|
Новости: |
|
09 шілде 2018 жыл
|
2018 жылдың 5 шілдесінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Д.Н. Акимжанова мен Н. Тұрсынбек «Синташта» бірегей мәдени-тарихи кешенінің зерттелуіне 45 жыл және қола дәуірінің дүние жүзіне әйгілі археологиялық ескерткіші Арқайымның табылуына 30 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен өткізілген «Арқайым – қалалар елі: кеңістік пен бейнелер» атты Халықаралық фотокөрмеге қатысты.
Арқайым – Ресей Федерациясындағы Челябі облысының оңтүстігінде орналасқан, қола дәуіріне жататын адамзаттың ең көне оркениеттерінің үзіндісі. Оны мәдени мұраның әлемдік археологиялық объектісінде кеңінен танымал, ең маңыздысы деп санауға болады. Мұнда әлемнің көптеген елдерінен көрнекті ғалымдардың қатысуымен әлі күнге дейін қазба жұмыстары мен зерттеулер жүргізілуде.
Бұл ерекше орын көптеген зерттеулер мен ашылуларға негіз болды, оның ең бастысы – «Қалалар елі» атты үлкен археологиялық кешен. 1987 жылдың 17 маусымында Арқайымды зерттеудің ең алғашқы қазба жұмыстары басталды. Оның ашылуы Сынтас – Арқайым жаңа мәдениетін кең ауқымда зерттеудің бастамасы болды. Бұл ескерткіштер б. з. д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарды қамтиды.
«Арқайым – қалалар елі: кеңістік пен бейнелер» фотокөрмесінде осы бекініс туралы көптеген қызықты мәліметтерді көрсететін фортификация, үй құрылысы, ежелгі шеберханалар, керамикалардың үлкен жинтығы, сүйектен және тастан жасалған бұйымдар, металл құралдар, жерлеу рәсімдері және құрбандықтар, тұрмыстық заттар мен қару-жарақ, сонымен бірге, өркениетке елеулі серпіліс жасаған шынайы адамдар – діни қызметкерлер, ақындар, философтар, жауынгерлер, шеберлер қойылған. Бұл өркениеттік жетістіктерді кейінірек ежелгі гректер алып, заманауи әлемдік мәдениетке әкелді.
Арқайм - археологиялық, сәулеттік, тарихи ескерткіш ғана емес, сондай-ақ, әлемнің көптеген елдерінің «Арилық заттар кешенімен» танысушы археологтарының жүз елу жыл бойы іздеуі нәтижесіндегі ашық аспан астындағы мұражай.
Фотокөрме стендтерінде «Қалалар елі» ескерткіштерінің географиялық орналасуы, нығайтылған және нығайтылмаған қоныстардың әуеден түсірілген фотосуреттерінің құпиялары ашылған материалдар, саны жиырмадан асатын нығайтылған қоныстың ішіндегі он төртінің қазіргі жағдайы мен тұмса табиғаттың авторлық фотосуреттері қамтылады.
Фотокөрменің ашылуына Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі және «Арарат» Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Журавлева Ирина Александровна, «Арарат» Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Зуйков Юрий Владимирович қатысты. Сонымен бірге «Арқайм. Оңтүстік Оралдағы мәдени және рухани кеңістік» атты 30 минуттық деректі фильм көрсетілді.
2017–2018 жж. көрме экспозициясы Ресейдің 11 қаласында, яғни Қазан, Уфа, Кумертау, Самара, Омбы, Бийск, Новосибирск, Барнауыл, Санкт-Петербург, Белгород, қалаларында және Головчино селосында құрылып, жұрт назарына ұсынылды.
|
|
|
|
Жаңалықтар
Показать все
| 15 сәуір 2024 жыл |
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.
| 10 сәуір 2024 жыл |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
| 08 сәуір 2024 жыл |
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
| 05 сәуір 2024 жыл |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.
|
|