Новости:
24 сәуір 2015 жыл
2015 ж. 24 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкерлері ҚР «Ғылым ордасы» Қазақстан ғылымының тарихы және Оңтүстік Қазақстан облысының Н.Оңдасынов атындағы мұражайлары бірлесіп Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнайы ұйымдастырылған көрмесіне қатысты.
Көрмені «Ғылым ордасы» РМК-нің бас директоры Р. Кәрібжанова ашты. Келесі кезекте сөз Түркістан қаласында орналасқан Н.Оңдасынов мұражайының қызметкері Г.Ысқақова, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты С.Ә.Асанова, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, прозаик Р.Артемьеваға берілді.
Жиылған қонақтарға ерекше әсер қалдырған Абай атындағы опера және балет театрының майталман әртістері: ҚР еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері Б.Жомартов, Халықаралық және ҚР конкурстардың лауреаттары Ж.Аманова, М.Алтухованың өнерлері болды.
Көрмеге Ұлы Отан соғысының Жеңісіне үлес қосқан, аты аңызға айналған тұлғалар: Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болған, қоғам қайраткері, тілші-ғалым Нұртас Оңдасыновтың, аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың, майдан даласынан елге оралып, Қазақстан ғылымының түрлі саласында үлкен жетістіктерге жеткен соғыс ардагерлері – Әбдіуәли Қайдар, Жүрімбек Сыдықов, Түймебай Әшімбаев, Айтжан Абдулин, Евгений Гвоздев, Павел Мариковский және өзге де ғалымдардың жеке заттары, фотолары, қолжазбалары, ғылыми еңбектері қойылды.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz