Новости:
07 қыркүйек 2018 жыл
2018 ж. 7 қыркүйегінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Ерлік жолымен» зерттеу орталығы» ҚҚ, Халида Маманова атындағы қайырымдылық қоры және ҚР ОМА бірлесе отырып, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің мәжіліс-залында Ұлы Отан соғысының ардагері, профессор, медицина ғылымдарының докторы Маманова Халида Есенқұлқызының 100 жылдығына орай «Тұғыры биік тұлға» атты көрменің таныстырылымын және Дөңгелек үстел өткізді.
Көрмеде Мамановтар әулетінің және Х. Маманованың ҚР ОМА және ҚР ОМ ҒТҚ архивтерінде мемлекеттік сақтауға жатқан жеке тектік қорларынан іріктеліп алынған құжаттар қатысушылардың назарына ұсынылды.
Халида Есенқұлқызы Маманова 1918 жылы наурыз айының жиырма төртінші жұлдызында Талдықорған облысы (қазір Алматы облысы), Ақсу ауданы, Қарағаш қыстауында ірі қара малшысы Есенқұл Мамановтың отбасында дүниеге келген.
Революциядан кейін Мамановтар әулетінен 15 адам ату жазасына кесіліп, 36 отбасы жер аударылған. Халиданың әкесі Есенқұлды «атақты» 58 бабымен стталып, Қазақстаннан алыстатып жер аударған, отбасының дүние мүлкі тәркіленген. Сол жақта әкесі мен екі бауыры қайтыс болды. 1932 жылы отбасы Қазақстанға оралып Алматы қаласына орналасты.
Халида бітірген техникумның қысқа мерзімді курстарын бітіріп, дайындық бөлімнен кейін 1937 ж. медицина институтының бірінші курсына оқыға түсті. Молотов атындағы Қазақ мединститутының 1941 жылғы түлегі Маманова Халида Ғылым академиясының физиология институтында аспирант болып қалдырылады. 1942 жылы ақпан айында Қызыл Әскер қатарына шақырылғандықтан оқуын жалғастыра алмады. Мединституттың түлегі болғанына қарамастан, лейтинант атағы берілмеген. Оған медбике болуға да рұқсат берілмеді. Өзінің өтініші бойынша штрафбатқа ауысқан, кейіннен 821-ші авиабатальонға ауыстырылды. Х. Маманова 4-ші Украина, 3-ші Белоруссия фронтының, 1-ші және 2-ші фронттарында шайқасқан. Өзінің ерліктері үшін «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»медальдарымен, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
Соғыстан қайтқан соң, 1946 жылдың ақпан айында Қазақ мединститутының патологиялық физиология кафедрасында 1950 жылдың қыркүйек айына дейін ассистент (көмекші) қызметін атқара жүріп, кандидаттық диссертациясының эксперименттік бөлігін бітірді. Оған медицина ғылымының кандидаттығын Мәскеуде қорғауы сәтті өтіп, дипломын алды. 1959 жылы Ақтөбеде мединститут ашылып, кафедра меңгерушісі қызметіне шақырылды. Бұл қызметте ол жиырма жылдай қызмет етті. Осы жерде жүріп, докторлық диссертациясында қорғады. Монографиялық еңбегі Парижде Халықаралық конгрессте оқылды.
Іс-шара Х. Маманованың өмір жолы мен ғылыми қызметі туралы деректі фильмінің қойылымынан басталды. Дөңгелек үстелге қатысушылармен сәлемдесу сөзі ҚР ОМҒТҚА және ҚР ОМА басшылары Б.А. Жұматаева және Д.С. Мұқатаевқа берілді.
Дөңгелек үстелде сөз сөйлегендер: ҚР ОМА директор орынбасары М.Г. Жылысбаева, ҚР ОМА ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов, ҚР ОМҒТҚА жоғары деңгейдегі білікті маман архивистері Ә.Қ. Еркенова және Л.А. Ануарханова, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті музейінің меңгерушісі тарих ғылымының кандидаты А.С. Саятова және т.б. Халида Есенқұлқызы туралы естеліктерімен туыстары және шәкірттері бөлісті.
Шараның қортысындысында Х.Е. Маманованың қорын ұстаушы Маманов Медет ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Дөнгелек үстел қатысушылары көрмеде ұсынылған бірегей құжаттармен танысты.

















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz