Новости:
17 қыркүйек 2018 жыл
2018 ж. 15 қыркүйегінде «Целинный» заманауи мәдениет Орталығында Анна Броновицкая және Николай Малининның жариялаған анықтамалық-жолсілтерінің «Алма-Ата: архитектура советского модернизма 1955–1991» таныстырылымы өткізілді.
Кітапта кеңестік кезеңінде салынған сәулет ғимараттары сипатталған. Хрущевтың кезеңінен бастап Горбачевке дейінгі отызжылда салынған ғимараттар бойынша құрастырылған алғашқы жолсілтер. Авторлар кітапта қамтылған ғимараттарды кең тарихи, саяси және мәдени контекстіде және де ХХ ғ. екінші жартысын әлемдік сәулет аясында көруді ұсынады.
Таныстырылымға кітап авторлары Анна Броновицкая, Николай Малинин және кітапта жарияланған суреттердің авторы Юрий Пальмин қатысты. Шараға ОМҒТҚА жоғары дәрежелі архивис маманы Ә.Қ. Еркенова қатысты.
Авторлар Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшылығына және қызметкерлеріне архив қорларынан берілген құжаттардың көшермелері үшін алғысын білдіріп, басылымның бір данасын архивке сыйға тартты.
Сонымен қатар, қала күніне арналып өткізіліп жатқан іс-шаралардың аясында сол жерде «Открытый архив. Алматы» және «На углу: город, место, люди» атты көрмелері ұйымдастырылған. Көрмеде архив құжаттары негізінде Алматы қаласында 1960-1980 жж. салынған ғимараттардың жобалары мен үлкен форматта суреттері келушілердің назарына ұсынылған. Көрме бірнеше бөлімнен тұрады. Ұйымдастырушылар сол кезеңге тән қаланың жағдайын, заманауи көрерменге жаңашалап көрсетуге тырысты.
Көрменің екінші бөлімі «Целинный» ғимаратына қосымша салынған, бұрынғы түнгі клуб орнында ұйымдастырылған. Бұл көрме өзекті Орталық Азияның өнеріне бағытталған. Көрменің негізгі жетекшісі болған Меруерт Калиева бірнеше заман ұрпақтарының суретшілерін, сонымен қатар Рустам Хальфин, Ербосын Мельдибеков, Елена және Виктор Воробьёвтар секілді халқаралық жұлдыздарды да біріктіре білген. Олар елге танымал жұмыстармен қатар өздері ойлап тапқан туындыларды кинотетрдың кеңістігімен ұйлестіре білді.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz