Новости:
18 қыркүйек 2018 жыл
2018 жылдың 18 қыркуйегінде «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ ОМҒТҚА толықтыру көздері болатын ұйымдардың қызметкерлеріне семинар өткізілді. ҰАҚ толықтыру және ведомствалық архивтер бөлімінің басшысы Е.Ш.Тілеужан «Архив ісі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында баяндама жасап презентация дайындап баяндама жасады. Нақтылай айтқанда түзетулер мемлекеттік архив қызметі ұсынатын қызметтердің тізімін, соның ішінде ақылы қызметтерді кеңейтті.
ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Ж.А.Қаламбаева «Мемлекеттік қызмет көрсету – архивтік анықтама беру» стандарты туралы айтып берді. Осы бөлімнің жоғарғы санатты архивисті А.А.Тұрсыналиева «Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдарды орындау және архивтік анықтамалардың үлгісі» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Семинар-кеңес барысында ведомстволық архив қызметкерлері архив ісі бойынша заңнамалығы, архивтік анықтамалықтарды орындау, рәсімдеу, сұраныс берушіге жіберу бойынша және т.б. көптеген сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, ведомстволық архивді толықтыру, құжаттардың сақтауын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Шараға қатысушылар осындай семинарларды жүйелі түрді өткізу туралы жалпы тілек білдірді.








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz