2015 ж. 28 сәуірінде «Тарих. Естеліктер. Адамдар.» тақырыбындағы 2014 жылдың 19 қыркүйегінде өткізілген VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағының таныстырылымына ОМҒТҚМ қызметкері Грибанова Е.М. қатысты. Ол жинақта Г.С. Сәрсенова, О.С. Богданова ОМҒТҚМ сақтауында жатқан «Сюжеты из жизни в эвакуации и оккупации: воспоминания и письма» атты құжаттардың топтамасын жариялады. Таныстырылым еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» қауымдастығы ұйымдастыруымен, ҚР Ұлттық кітапханасымен, ҚР Ресей ынтымақтастығы өкілімен, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығымен, РММ «Орталық мемлекеттік мұрағатымен» бірлесіп екі аудиторияда кезекпен ауысып өткізілді.
Басылым Ұлы Отан соғысының босқындары мен көшіру мәселелеріне қатысты және Қазақстан халқы Ассамблея Жылына арналды. Таныстырылымда этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, дипломатиялық қызметкерлер, әскери, мемлекеттік мұрағаттар, кітапхана қызметкерлері, зерттеушілер, жастар қатысты. Іс-шара барысында, ҚР КФДЖ ОММ сақтауында жатқан, 1941-1945 жылдардағы кинохроникалық кадрлар көрсетілді. Өз сөзінде, Е.М. Грибанова 1940 жылдардағы - батырлық дәуірдің болмысын қалпына келтіру, ретроспективті құжаттық ақпаратты насихаттау бойынша мұрағатшылардың және зерттеушілірдің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
«Мицва» Ассоциациясының Президенті Барон А.И. және Бас директоры ОММ Ақтаева Л.С.
ОММ-ғы таныстырылмына қатысушылар.
Жобаға қатысушылар мен ұйымдастырушылар эвакуациялау тарихы бойынша конференциядағы материалдар жинағын Ұлттық кітапханаға сыйға тартуда.
ОМҒТҚМ қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Грибанова Е. сөз сөйлеуде.
Таныстырылымның қызметкерлері кітапханада.
Кітапханаға сыйға тартылған кітаптар.