Новости:
24 қыркүйек 2018 жыл
2018 ж. 21 қыркүйегінде Алматы қ. Онкология және радиология ҚазҒЗИ-ның конференц-залында Халқаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар шеңберінде, Қазақстандағы онкология қызметінің негізін құрушы, медицина ғылымының докторы, профессор Сәкен Нұғыманұлы Нұғымановтың 100 жылдығына арналған кітабі: Опередивший время. Құжаттар мен материалдар жинағы. таныстырылымы өткізілді. Жинақтың редакциялық ұжымына: Ж.С. Нұғыманова, Д.С. Нұғыманова, Г.С. Сәрсенова, Т.Н. Тойбаев кіреді. Құрастырушылары: Е.М. Грибанова, В.Е. Печерских. – Алматы: Print Express, 2017.– 748 б., қосымша беттер 36 б. Жинақ ҚазОРҒЗИ қорының құжаттары, С. Нұғымановтың жеке тектік қоры және Сәкен Нұғыманұлының отбасы пайдалануға берген құжаттары негізінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұжымының күшімен дайындалған.
Құжаттар жинағында Нұғыманов Сәкен Нұғыманұлы туралы құжаттар, мақалалар, естеліктер жарияланған. С. Нұғыманов соғысы жылдарында дүниеге келген, аштықтың салдарынан ата-анасынан айрылған. Рабфакты тәмамдап Алма-Аты мемлекеттік медицина институтына түсіп, оны 1941 ж. аяқтаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда шайқасқан, тұтқында болып, айыптық ротасынан өткен. Соғыстан 1947 ж. медицина қызметінің капитаны атағында оралып, дәрігер болып қызмет еткен және ғылыми зерттеулермен айналысқан. 1960 ж. ҚазОРҒЗИ құрып, соны басқарған. Зерттеу институтының бірінші жетекшісі болып, ҚазКСР-дің бас онколог дәрігері бола тұра Республикадағы онкология қызметінің бастауына жол ашқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қарым қатынас орнатып Институт базасы негізінде құрған зерттеу орталығын басқарған. Ол зерттеу орталығы Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде орофарингеальді ісіктердің эпидемиологиясы мен патологиясын зерттеумен айналысқан. Кеңес үкіметінің және әлемнің жетекші онколог мамандарымен тығыз іскерлік қатынас орнатқан. Еліміздің медицина саласында қызмет етіп жатқан бірқатар білікті онколог-дәрігерлер мен ғалымдарды даярлаған. Жинақта ҚазОРҒЗИ-ның құжаттары және С. Нұғыманұлының хат алмасулары, оны еске алу естеліктері мен ол туралы мақалалар және тағы басқа құжаттар жарияланған. Кітапта басылып шығарылған мәтіндердің 97%-ы, фотоқұжаттардың 99%-ы алғаш рет жарияланып отыр.
Кітаптың таныстырылымы аясында мерей той иесіне арнап көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Сәкен Нұғыманұлының көпқырлы кәсіби қызмет жолын және отбасы мен жақын айналасын дәріптейтін құжаттар мен фотоқұжаттар қатысушылардың назарына ұсынылды.
Іс-шараға ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Актаева Л.М., ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Аманжолова З.Д., Қазақ тамақтану академиясының президенті Шарманов Т.Ш., С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің ректоры Нургожин Т.С., Қазақ репродуктивті медицина ассоциациясының президенті Локшин В.Н., С. Нұғымановтың қызметтестері мен шәкірттері, онкология қызметінің ардагерлері, медицина қызметкерлері, ҚазОРҒЗИ қызметкерлері, архив мекемелерінің қызметкерлері, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің мұғалімдері, С. Нұғымановтың отбасы мүшелері.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Б.А. конференция қатысушылары мен ҚазОРҒЗИ ұжымына, С. Нұғымановтың отбасына іс-шараны ұйымдастырып жарияланған жинақты осы жерде таныстыруға берілген мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.
ОМҒТҚА бас сарапшысы Печерских В.Е. сөз сөйлеу барысында жинақтың қалай дайындалғандығы туралы айтып, оның мазмұнына қысқаша сипаттама беріп өтті.
























Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz