Новости:
01 қазан 2018 жыл
2018 ж. 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде «История. Память. Люди» IХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік тарихи конференция өткізілді. Бұл шара Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға эвакуациялар тарихына арналған. Конференцияға ОМҒТҚА бас сарапшысы В.Е. Печерских, жоғары квалификация дәрежелі архивис мамандары Ә.Қ. Еркенова және Н. Тұрсынбек қатысты. Конференцияның ұйымдастырушылары: Қазақстанның Халық Ассамблеясы, Қазақстан Республикасының Президентінің архиві және «Мицва» Ассоциациясы.
Іс-шараға отандық және шетелдік зерттеушілер Польшадан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннанның өкілдері ұсынылған екі тақырып: «ХХ ғ. Евразия: эвакуацияланғандар, жер ауып келгендер, босқындар» және «Адамдар және тағдарлар» бойынша баяндамалар жасады.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры Д.Ю. Абдукадырова ашып сөз сөйлеу барысында Ұлы Отан соғысы кезінде жер аударылғандар мен эвакуацияланғандар тақырыбы, адамдардың тағдыры тарихшылар мен архившілер үшін өзекті мәселе болып қалады деп атап өткен.
Сонымен қатар конференцияға арнап Алматы қ. музейімен бірлесе отырып «Қазақстан: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуация» тақырыбында тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырылған. Көрмеде эвакуацияланған өндіріс мекемелері, ғылыми, мәдени ұйымдар, эвакогоспитальдар туралы материалдар, эвакуацияланғандардың тізімдері, автобиографиялар және т.б.
Ә.Қ. Еркенова, Ж.Т. Байқашпен (ҚР ПА бас сарапшысы) бірлесе отырып «Эвакуированные врачи-евреи в Казахстан» тақырыбында баяндама даярлады. Бұл баяндама және басқа да қатысушылардың 70-ке жуық баяндамалары конференцияның материалдар жинағында жарияланады. Конференцияда 20-ға жуық зерттеушілер өз тақырыптарына байланысты баяндама жасады.
«Мицва» Ассоциациясының басшысы А.И. Барон келесі конференция екі жылдан кейін 2020 ж. болатындығын атап өтіп, зерттеушілерге Қазақстанның халықтары туралы зерттеу жұмыстарын жалғастыруға шақырды.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz