Новости:
15 қазан 2018 жыл
2018 жылдың 12 қазанында ҚР ОМҒТҚА қызметкерлері Д.Н. Акимжанова мен Ә.Қ. Еркенова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және ARTSPACEkz көркем өнер галереясы ұйымдастыруымен өткізілген Зұлқайнар Қожамқұлов және Әбдуахат Мұратбаев суретшілердің «Біз замандастарыңызбыз!» атты вернисажының ашылуына қатысты.
Көрмеге қойылатын туындылардың авторлары: З. Қожамқұлов пен Ә. Мұратбаевтың шығармашылық шабыттары екі түрлі болғанымен, олардың қазақ тарихына, ұлттық мәдениетке деген көзқарастары бір.
Зұлқайнар Қожамқұлов – суретші, мүсінші, педагог, философ, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Халықаралық NICOR «Әлем халықтары өнері» Ассоциациясының суретшісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері еліміздегі суретшілер қауымының жанашыры. Көрме экспозициясына Қазақстанның танымал тұлғаларының – Нұрсұлтан Назарбаев, Дінмұхамед Қонаев, Бауыржан Момышұлы, Олжас Сүлейменов сондай-ақ, қазақ эстрадасы мен кино әлемінің шоқ жұлдыздары: Шәкен Айманов, Шәмші Қалдаяқов, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Батырхан Шүкенов және т.б. портреттері ұсынылған. Суретші портрет кейіпкерлерін қанық түстермен бейнелеген.
Әбдуахат Мұратбаев – кескіндемеші, графика маманы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Республикалық, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, шетелдік және облыстық көрмелерге атсалыса қатысқан. 1981 ж. Шымкент сурет училищесін, кейін 2004 ж. Бішкек қ. Қырғыз педагогикалық университетін тәмамдаған. Суретшінің көрмеге қойылатын суреттерінде қазақтың ұлттық бейнесі жаңа үндестікте берілген.
Композициялық көрме екі бөлімнен тұрады: кескіндеме жұмыстары және мүсіндік арт-объектілер.
Өзіндік жарқын бейнесі бар Ә. Мұратбаев туындылары мен философиялық астармен сыр шертетін З. Қожамқұлов шығармалары қазіргі заманауи сурет өнерінің сан қырын ашады. Көрмеге 80 жұмыс қойылмақ.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz