Новости:
22 қазан 2018 жыл
2018 ж. 20 қазанында Алматы қаласында БЛКЖО 100 жылдығын атап өту аясында Ғ. Мұратбаев ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Сол күні кешке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында осы мерейтойға арналған ұрпақтар кездесу кеші өтті.
Жиналғандарға «Комсомолға – 100 жыл» ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қ.Сұлтанов құттықтау сөзін айтты. Республикалық комсомол ұйымының Туы және 1971 жылы марапатталған Ленин ордені Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне мемлекеттік сақтауға қол шапалақтаумен салтанатты түрде тапсыруы өтті.
Театр фойесінде жастар ұйымының көптеген тамаша іске толы тарихын бейнелейтін, Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде сақталған құжаттар негізінде дайындалған көрме орналастырылды.
Іс-шара қатысушыларының алдында концерттік бағдарлама барысында Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаттары: Ә. Дінішев, Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, Ж. Әубәкірова, «Дос-Мұқасан», «Айгүл» ансамбльдері және т.б. артистер өнерлерін көрсетті.
БЛКЖО 100-жылдығына орай «…Это память моя, это вера моя – комсомол, комсомол, комсомол!» атты құжаттар мен материалдар жинағы жарық көрді. Онда Қазақстандағы құрылған сәттен бастап және аяқталғанға дейін жастар ұйымының тарихына байланысты құжаттар мен материалдар жарияланды. Осы жинақты құрастырушылардың бірі ОМҒТҚА қызметкері В. Е. Печерских болды. Оған «Комсомолға – 100 жыл» Халықаралық ұйымдастыру комитеті, БЛКЖО 100-жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz