Новости:
08 қараша 2018 жыл
2018 жылдың 7 қараша күні ҚР ОМҒТҚА архивистері Д.Н. Акимжанова және Ә.Қ. Еркенова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Италия» білім орталығы және «Данте Алигьери» комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген итальяндық суретші Кармине Барбароның «Махаббат алмасы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуына қатысты.
Кармине Барбаро – Алматы қаласы мен біздің елімізге деген махаббатына өз өмірін, шығармашылығы мен ағартушылық қызметін арнаған Қазақстан Республикасына танымал суретші.
Кармине символы алма болғандықтан көрменің аталуы «Махаббат алмасы» деп қойылған. Суретші Алматыда жиырма жылдан астам тұрып келеді. Мұнда ол Қазақстанды, оның адамдарын, жазық даласын, аса бай және көркем табиғатын жан-тәнімен сүйді, өз үйін тапты, итальян тілін үйрететін мектептің негізін қалады. Өзінің өмірге, адамдарға деген махаббатын ол шығармашылығы арқылы жеткізеді.
Оның шығармашылығының негізгі қыры – өнердегі адамшылыққа ұмтылыс. Кармине Барбаро – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, генуэздік суретшілер бірлестігінің мүшесі, профессор, Алматыдағы «Италия» білім орталығының директоры, «Данте Алигьери» комитетінің төрағасы, «Италия жұлдыздарының» еңбегі сіңген кавалері.
Көрмеге суретшінің әр кезеңде салынған 80-нен астам кескіндемелік шығармалары қойылған.













Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz