Новости:
05 мамыр 2015 жыл
2015 ж. 5 мамырында Уәлиханов Ш.Ш. атындағы тарих және этнология институты ұйымдастырған «Ұлы Соғыс. Ұлы Ерлік. Ұлы Жеңіс.» атты Жеңістің 70-жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ОМҒТҚМ мұрағатшылары қатысты. Конференцияда барлығы 15 баяндама оқылды. Өз құттықтау сөзін соғыс ардагері Есенов Н.Е. жолдады. Сонымен қатар, қонақтарға Есеновтың Н.Е. «Участие казахстанцев в партизанском движении в Белоруссии в годы Великой Отечественной войны» атты кітабы сыйға тартылды.
ОМҒТҚМ қызметкері Садуокасова П.С. «1941-1945 жж. Қазақстанның медициналық ғылыми-зерттеу институттарының құжаттарындағы күнделікті тіршіліктің бейнесі» атты баяндаманы оқыды. Мұнда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты Жеңістің 70 жылдығына арнайы «Қазақстанның ғылыми медициналық мекемелерінің тарихынан. Қазақстан: 1941-1945 жж.» атты құжаттар мен материалдар жинағын дайындағандығын және жинақтағы кейбір мәліметтерді айтып өтті.








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz