Новости:
30 қараша 2018 жыл
29 қараша 2018 ж. ҚР Президенті архивінде Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Мұстаханұлы Аухадиевтің 80 жылдығына арналған Дөңгелек үстел өтті.
ҚР Президенті архивінің директоры Д. Ю. Абдуқадырова мерейтой иесіне арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол сондай-ақ, К. М. Аухадиевтің жеке қор құрамындағы құнды құжаттары мен материалдары үшін алғысын білдірді.
ҚР Президенті архивінің Құжаттарды толықтыру және құжаттама басқармасының басшысы Ж. С. Зейнелов К. М. Аухадиевтің жеке тектік қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы айтып берді.
Осы іс-шара аясында К.М.Аухадиевтің «Алматы бір күнде орнаған жоқ» атты кітабының тұсау кесері өтті. Автор бұл кітаптың қалай жасалғаны туралы айтып, Алматы қаласындағы бірегей сәулет нысандарының құрылысы туралы өз естеліктерімен бөлісті.
Еңбек ардагерлері, қызметтес достары Ш.Ж. Жаныбеков, Б.Р. Рамазанова, Ж.А. Амерханова, Н.Б. Абаева, В.В. Сидорова, Л.Д. Дегитаева, К.С. Серикбаев, А.С. Беспаевалар К.М. Аухадиевпен бірлесіп істеген қызметтері туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.
ҚР Президенті архиві қызметкерлері К.М.Аухадиевтің жеке тектік қорынан құжаттары мен материалдары негізінде көрме дайындады.
Іс-шараға ОМҒТҚА директоры Б.А.Жұматаева мен бас сарапшысы В.Е. Печерских қатысты.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz