Новости:
30 қараша 2018 жыл
2018 ж. 28 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес жарияланған Жастар жылы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп «Ұлттық тақырыптағы Натюрморт» атты Республикалық көркем шығармалар көрме-байқауының ашылуына ОМҒТҚА қызметкерлері Г.Т. Абилкасимова және Ә.Қ. Еркенова қатысты.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Осыған орай, Халықаралық студенттер күні қарсаңында музей Алматы қаласындағы жас суретшілер мен колледж оқытушыларының жұмыстарын ұсынады. Олар әріптестерімен және оқу орындарының оқушыларымен өздерінің кәсіби тәжірибесімен, қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті.
Іс-шараның барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп домбырада күй шертіп, патриоттық әндерді орындап Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттайтын, суретшілердің бейнелеу және қолданбалы өнердің түрлі жанрларында және техникаларында орындалған шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, көне қазақ халқының дәстүрлі киім үлгісінің топтамасымен келушілерді таныстырды.
«Ұлттық тақырыптағы Натюрморт» көрмесінде Алматы қаласының көркем өнер колледждері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының 100-ден астам шығармашылық жұмыстары ұсынылады. Көрме түрлі жанрлық бағытты – кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерді қамтыған.
Алматы қаласындағы үздік жас суретші-педагогтердің жұмыстарынан жасақталған көрме Қазақстандық бейнелеу өнері мектебі көркемдік деңгейінің жоғарылығын көрсетеді.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz