Новости:
10 қантар 2019 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Из истории проектирования объектов культуры г. Алма-Аты (1930–1980-е гг.)» құжаттар және материалдар жинағын жариялады. Жауапты редактор – Б.А. Жұматаева. Құрастырушылар: Е.М. Грибанова, В.Е. Печерских (жауапты), Г.С. Сәрсенова. – Алматы: Print Express, 2018. 334 б. + қосымша парақ 12 б.
Жинаққа 1930–1980 жылдар аралығындағы Алматы қ. мәдениет нысандарын жобалау тарихына қатысты құжаттар мен материалдар басып шығарылған.
Атап айтқанда: Мемлекеттік музей, Мемлекеттік цирк, В.И. Ленин атындағы сарай, Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры, М.О. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драмалық театры, М.Ю. Лермонтов атындағы Орыс драмалық театры, Балалар және жасөспірімдер театры, Алматылық мақта-маталық комбинаттың мәдениет сарайы, Аймақтық офицерлер үйі, Шетел мемлекеттерімен достық және мәдени байланыс үйі, Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемөнер галереясы, А.С. Пушкин атындағы Республикалық көпшілік кітапханасы, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, Алматылық хареографиялық училищесі, Кино үйі, «Арман», «Казахстан», «Октябрь» кинотеатрлары, Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, Орталық мемлекеттік архив және басқа да бірқатар нысандар.
Жинаққа 144 құжат кірді оның 29-ы графикалық. Жинаққа кірген барлық құжаттар алғаш рет жарияланып отыр. Басылымды даярлау барысында алдымен тақырыпқа сәйкес келетін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжатама архивінде сақталған құжаттар пайдаланылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің, сондай-ақ Алматы қ. Орталық мемлекеттік архивінің құжаттары да пайдаланылды.
Басылым тек жобалау қызметімен айналысатын шектеулі мамандар ортасына ғана емес, сонымен қатар, мемлекетіміздің ең әдемі қаласының сәулет бейінінің тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға да арналған.
2019 ж. ақпан айында осы құжаттар және материалдар жинағының тұсау кесері өткізілмек.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz