Новости:
10 қантар 2019 жыл
2019 ж. 9 қаңтарында Ұлттық кітапxанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз xатшысы Айдар Қырықбаевпен министрлікке бағынысты ұйымдар мен мекеме басшыларының орынбасарлары және баспасөз xатшылары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметінің БАҚ-мен өзара әрекет ережелері, баспасөз қызметінің жұмыс бағыттарын күшейту сияқты мәселелер талқыланды.
«Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптейтін «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы баспасөз бетінде жарық көргеннен соң, біздің министрлік осыған қатысты жобаларды жүзеге асыра бастады. Министрлікке бағынысты ұйымдар мен мекемелер де осы мақаланың басты бағыттарын бағамдап, оны жүзеге асыруы қажет», - деді Айдар Қырықбаев өз сөзінде.
Жиын барысында мақалада айтылған келелі міндеттер бойынша жасалып жатқан жұмыстарды халыққа кеңінен насихаттауда әрбір мекеменің баспасөз қызметінің рөлін тілге тиек етіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша жасалған жұмыстарға жоғары бағасын берді.
Кездесу соңында А.Қырықбаев мемлекеттік органдардың жұмысы жөніндегі ақпаратты халыққа дұрыс жеткізу, сол арқылы мемлекеттің абырой-беделін арттыру басты талап екенін, осы тұрғыдан алғанда, баспасөз хатшылары қызметінің салмағы артып, жауапкершілігі жоғарылап келе жатқанын айтты.
Жиналысқа ОМҒТҚА қызметкерлері қатысты.



Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz