Новости:
08 ақпан 2019 жыл
2019 ж. 8 ақпанында Архив қалашығының конференц-залында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің 45 жылдығына арналған Дөңгелек үстел және «Из истории проектирования объектов культуры г. Алматы. (1930–1980-е гг.)» атты құжаттар мен материалдар жинағының таныстырылымы өткізілді. Жауапты редактор – Б.А. Жұматаева. Құрастырушылар: Е.М. Грибанова, В.Е. Печерских (жауапты), Г.С. Сәрсенова. – Алматы: Print Express, 2018. 334 б. + қосымша парақ 12 б. Жинақ Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымымен дайындалған.
Іс-шара аясында, ОМҒТҚА тарихы туралы ОМКДЖА қызметкерлері дайындаған бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, ОМҒТҚА құрылуы мен даму тарихын және 45-жылдық қызметінің нәтижелерін бейнелейтін құжаттық көрме ұйымдастырылды.
Архив ісі және құжаттама департаментінің басшысы Г.Е. Қарсақбаева ОМҒТҚА ұжымына салтанатты шараға орай Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының құттықтау сөзін оқып берді. Дөңгелек үстелдің отырысында сөз сөйлегендер ОМҒТҚА ұжымын 45-жылдық мерекесімен құттықтады. Архив басшылығының атынан архив қызметінің ардагерлері мен ұйымдардың басшыларына архивтің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері, сонымен қатар, көпжылдық және жоғары кәсіби ынтымақтастықтары үшін Алғыс хаттар берілді.
Одан кейін, «Из истории проектирования объектов культуры г. Алматы. (1930–1980-е гг.)» атты құжаттар мен материалдар жинағының таныстырылымы өткізілді. Жинаққа республикамыздың ірі мегаполисінің сәулет-жоспарлау шешімдерін айқындайтын, жоспарлау ісі мен құрылыста орын алған ғылыми-техникалық революцияның өрлеу кезеңін көрсететін архив құжаттары кіргізілген. Оның негізгі мақсаты – зерттеушілер мен қызығушылық танытқан оқырмандарға Алматының сәулет кейпі генезисінің негізгі кезеңдерін айғақтайтын, сондай-ақ, мәдениет нысандары ретроспективті құжаттық ақпараттармен таныстыру.
Атап айтқанда: Мемлекеттік музей, Мемлекеттік цирк, В.И. Ленин атындағы сарай, Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры, М.О. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драмалық театры, М.Ю. Лермонтов атындағы Орыс драмалық театры, Балалар және жасөспірімдер театры, Алматылық мақта-маталық комбинаттың мәдениет сарайы, Аймақтық офицерлер үйі, Шетел мемлекеттерімен достық және мәдени байланыс үйі, Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемөнер галереясы, А.С. Пушкин атындағы Республикалық көпшілік кітапханасы, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, Алматылық хареографиялық училищесі, Кино үйі, «Арман», «Казахстан», «Октябрь» кинотеатрлары, Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, Орталық мемлекеттік архив және басқа да бірқатар нысандар.
Жинаққа 144 құжат кірді, оның 29-ы графикалық. Жинаққа кірген барлық құжаттар алғаш рет жарияланып отыр. Басылымды даярлау барысында тақырыпқа сәйкес келетін құжаттардың басым бөлігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде (Қ. 23 «KAZGOR» Жобалау академиясы» ЖШС және Қ. 53 «Алматыгоипрогор» Жобалау институты» ЖШС) сақталған құжаттар пайдаланылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің, сондай-ақ, Алматы қ. Орталық мемлекеттік архивінде сақталған жергілікті атқарушы органдардың құжаттары да пайдаланылды.
Шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, тарихшылар, ОМҒТҚА ардагерлері, архив ұйымдарының өкілдері мен қор құрушылары қатысды.







































Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz