Новости:
08 сәуір 2019 жыл
2019 жылдың 8 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұсынған «Архив – 2025» бағдарламасын әзірлеу және нақтылау бойынша жұмыс тобы өз жұмысын бастады. «Архив – 2025» бағдарламасының басшысы Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өтіп жатқан аталмыш жұмыс тобының отырысына республиканың жетекші архивтерінің басшылары, ғалымдар, тарихшылар және «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ директоры Баян Жұматаева да қатысуда.
Топтың жұмысы ағымдағы жылдың 13 сәуіріне дейін жалғасын табады. Жұмыс тобының қатысушылары архивтік құжаттарды сақтауды ұйымдастырудың тұжырымдамалық мәселелері, оларды есепке алу, қорларды, сонымен қатар жеке тектік қорларды толықтыру, «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін құру, шетелдік архивтерден біздің еліміздің тарихына қатысты құжаттарды анықтау және жинақтау, қолжазба материалдарын реставрациялау сияқты мәселелерді талқылауда. Талқылау барысындағы әзірленген барлық нақты ұсыныстар «Архив–2025» бағдарламасының қорытынды құжатына енеді.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz