Новости:
03 маусым 2015 жыл
2015 жылдың 29 мамырында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкері, «Әділет» тарихи- ағартушылық қоғамы басқарманың мүшесі Е.М. Грибанова, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясындағы «Шерлі шежіре аманаты» Халықаралық форумға қатысып, ОМҒТҚМ дайындаған «Сын Казахстана и Эллады: Спиридон Георгиевич Космериди» деректі жинақтың және «Из истории греков-казахстанцев» альбомның негізінде «Сюжеты из истории депортаций: дороги греков» атты хабарлама жасады.Форум дәстүрлі саяси қуғын-сүргін құрбандарының еске алу күнінің алдында өткізіледі.
Форум Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырған Орал қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі алаңында Еске алу акциясынан басталды. Қазақ драма театрында пленарлық отырысы өткізілді, Форумның қатысушыларына облыс тарихын, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырығандардың тағдырларды, Ассамблея институты құрылуының, дамуының бейнелейтін мұражай экспонаттарынан және мұрағаттық құжаттардан көрме дайындалды.
Форумның жұмысы ҚР Мемлекеттік жатшысы Г. Әбдіхалықованың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылығы меңгерушісі Е. Тоғжановтың сәлемдесу сөзімен басталды. Әрі қарай ҚР Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімнің меңгерушісі М. Жақыпов, Халықаралық Түркі академиясының тіл, әдебиет және терминология орталығының басшысы филология ғылымдарының докторы, профессор А. Ахметов, Индиана университетінің профессоры У. Файерман (АҚШ), Ханкук университетінің Орталық Азияны зерттеу институтының профессоры Санг Чеол Ким (Корея Республикасы) және т.б. баяндама жасады. Отырыс ҚР Президентінің мұрағаты директорының орынбасары К. Алимгазиновтың «Из истории депортаций» атты екі томдық жинақтың таныстырылымымен аяқталды. Халықаралық форумға қатысушылары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевка Үндеу қабылдады. Пленарлық отырыстан кейін БАҚ брифинг өткізілді. Секциялар жұмысының отырыстары ««Алаш» құндылықтары қазақ мемлекеттілігінің мән-мәтінінде», «Мәнгілік халық жадында...», «Тарихтың қасіретті парақтары...» үш тақырып бойынша М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жүргізілді.
Халықаралық форумның қорытындылары шығарылды. Қарар қабылданғаннан кейін «Теңдессіз сый» акциясы өткізіліп Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында форумның тақырыбы бойынша жарияланған кітаптар Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасына сыйға тартылды. Е.М. Грибанова да университеттің кітапханасына Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының атынан «Сын Казахстана и Эллады: Спиридон Георгиевич Космериди» деректі жинақты, «Из истории греков-казахстанцев» альбомды, ОМҒТҚМ қорлары бойынша жолсілтерлерді сыйлады.
Сонымен қатар, Е.М. Грибанова Батыс Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры А. Савғабаеваның шақыруымен барып мұрағат ұжымымен кездесу өткізді. Ол бір сағат әнгімелесу барысында республикамыздың басты мұрағаттардың археографиялық қызметі, ОМҒТҚМ жұмысы туралы айтып, әріптестердің сұрақтарына жауап берді.
30 мамыр күні форум қатысушылары Ұлы Отан соғысы қаһармандарын «Мәнгілік алауда» бір минут үнсіздікпен Еске алу акциясын өткізіп, монументке гүл шоқтарын қойды. Одан кейін Сырым ауданы Жымпиты ауылының жолындағы ХVIII ғасырдағы қазақтар көтерілісінің басшысы, патшалық әкімшілік отарлықтың саясатына қарсы шыққан Сырым Датұлы кесенесіне тағзым етіп гүл шоқтары қойылды. Жымпиты ауылына келген соң, «Алаш мұратынан «Мәңгілік Ел» белесіне» атты Еске алу митингісі ұйымдастырылып, Алашорда үкіметінің батыс бөлімі штабының тарихи-өлкетану мұражайының қорларымен таныстырылды, «Алаш» саябағында ағаш көшеттері отырғызылып және т.б. шаралар өткізілді.
Форумның барлық қатысушылары іс-шаралар жоғары денгейде өткенін, олардың Қазақстан азаматтарының бір ел-бір халық болып сезіну ұшін бағытталған мемлекеттік бағдарламалардық құжаттармен тығыз байланыста екенін белгіледі.

Фото Рафхата Халелова

Возложение цветов к Монументу благодарности казахскому народу, г. Уральск. 29 мая 2015 г.















Документальная выставка, посвященная Дню памяти жертв политических репрессий, г. Уральск, фойе Казахского драматического театра. 29 мая 2015 г.




Президиум Международного форума «Шерлі шежіре аманаты» в рамках проекта «Тарихтан тагылым – откенге тагзым» – «Память во имя будущего», г. Уральск, Казахский драматический театр. 29 мая 2015 г.



Участники форума: зам. директора АП РК К.Ш. Алимгазинов (г. Алматы), архивист ЦГА НТД Е.М. Грибанова (г. Алматы), директор библиотеки для детей и юношества З.Б. Букешева (г. Уральск), г. Уральск, Казахский драматический театр. 29 мая 2015 г.






Заседание секции «Трагические страницы истории...». Вторая справа от модератора Е.М. Грибанова, г. Уральск, Западно-Казахстанский университет им. Утемисова. 29 мая 2015 г.




Перед возложением цветов у мавзолея Сырыму Датову, Сырымский район Западно-Казахстанской области. 30 мая 2015 г.





Депутат Мажилиса Парламента РК А.С. Мурадов в с. Жымпиты во время акции «Алаш муратынан «Мангелік ел» белесіне». Сырымский район Западно-Казахстанской области. 30 мая 2015 г.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz