Новости:
04 мамыр 2019 жыл
2019 ж. 4 мамырында ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР ОМА ұйымдастырған «Ұлы Отан соғысы – архив құжаттарында. Құпиясыздандырылған құжаттар» атты Дөңгелек үстел отырысына және көрменің таныстырылымына қатысты. Іс-шаралар келе жатқан мемлекеттік мерекелер – Отан қорғаушылар Күні және Жеңіс Күніне арналған.
Көрмеге ҚР ОМА 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан 316 атқыштар дивизиясының (8-ші Панфиловтік гвардиялық атқыштар дивизиясы), сондай-ақ, құпиясыздандырылған 1938–1945 жж. № 1146 «Қазақ әскери комиссариаты» құжаттары қойылған. Құжаттарда жалпы халықты Қызыл әскер қатарына алу мобилизациялау, 316 атқыштар дивизиясы, 100 және 101 Қазақ жеке атқыштар бригадасының құрылуы, сонымен қатар, қазақстандықтардың Отан қорғап көптеген ерліктерінің куәліктері туралы мәліметтер берілген.
Осы іс-шараға шақырылған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, олардың тағдырына түскен қатал сынақтары туралы естеліктерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында 2010 жылы КТК телеарнасы түсірген (100 және 101 Қазақ жеке атқыштар бригадасының құрылуы және оның майдан жолы тарихын бейнелейтін) «Стертые имена» атты деректі фильм көрсетілді.
Іс-шараға белгілі ғалымдар, өлкетанушылар, архивістер, ЮНЕСКО, ТМД елдерінің дипломатиялық корпустардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Алматы қаласы қоғам өкілдері қатысты.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz