Новости:
27 мамыр 2019 жыл
2019 ж. 24 мамырында Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Даңқ Залында Қазахстан Республикасындағы Жастар жылы аясында Дүниежүзілік қалқанша безі бойынша денсаулық Күніне арналған резиденттер мен интерндердің қатысуымен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мамандарының үлкен кездесу шеңберінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Атшабаров Бақия Атшабарұлының 100-жылдығына орай, тәжірибеленуші тиреоидологтардың Бірінші форумы өткізілді. Даңқ Залында осы жоғары оқу орнының атың шығарған медициналық университеті түлектерінің портреттер арасында енді Б. А. Атшабаровтың да портреты қойылды. Фойеде мерейтой иесінің ғылыми жұмыстары мен ол туралы жазылып шығарылған жарияланымдар көрмесі орналастырылды.
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Т. С. Нұрғожин конференцияны ашқан сөзінде
Б. Атчабаров өзінің ерең еңбегімен отандық денсаулық сақтау тарихында өшпейтін із қалдырғанын атап өтті. Бүгінгі күні оның есімі Іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтына берілді. Бақия Атшабаров тәрбиелеген жүздеген шәкірттері өз ұстазының жұмысын жалғастыруда.Б. Атшабаровқа арналған конференция өткізу және осы ЖОО қабырғаларында оның шәкірттерін күтіп алу университет үшін үлкен мәртебе.Б. Атшабаровтың әріптестері мен шәкірттері жиналғандардың бұл ұлы ғалым туралы естеліктерімен бөлісті.
Аталған ғылыми-тәжірибелік конференция Үлкен ғалымнің, өз елінің патриотының 100-жылдығына арналған бірқатар іс-шаралардың бастамасы болды.
Конференция жұмысына ҚР ОМҒТҚА директоры Б. А. Жұматаева және осы архивтің бас сарапшысы В. Е. Печерских қатысты. Олар осы салтанатты іс-шараларға архивістер де өз үлесін қосатыны туралы хабарлады.
Биылғы жылы ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне қорқұраушының ұлы Айдар Бақияұлы тапсырған Б. А. Атшабаровтың жеке тектік қор құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданды. Қазіргі кезде Б. А. Атшабаров туралы құжаттар мен материалдар жинағы аяқталуда, басылым ғалымның 100-жылдығына орайластырылған.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz