Новости:
06 маусым 2019 жыл
2019 ж. 5-6 маусымында Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) архив саласындағы Ресейлік-Қазақстандық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 2-ші отырысы өтті.
5 маусымда Омбы облысының Заң шығарушы ғимаратында Ресейлік-Қазақстандық комиссиясының Пленарлық отырысы жүргізілді.
Отырыс басталғанға дейін Омбы облысының Үкіметі ғимаратының фойесінде «Архивтік мұра: тарих пен халықтарды байланыстырған» атты құжаттар көрмесі ашылды.
Қазақстандық делегацияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаментінің директоры Б.Қ. Тансыбеков басқарды. Делегация құрамына келесі архив мекемелерінің басшылары кірді: ҚР Ұлттық архиві директорының орынбасары А.С. Несіпбаев; ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры А.Ж. Қарымсақов; ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б. А. Жұматаева; ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің директоры Г.Р. Мұхтарова.
Ресейлік делегациясы келесі құрамда болды: Федералдық архив агенттігі басшының орынбасары А.В. Юрасов (делегация жетекшісі); РФ Мемлекеттік архивінің директоры Л. А. Роговая; Ресей мемлекеттік экономика архивінің директоры Е.А. Тюрина; Омбы облысы Мәдениет министрлігінің Архив басқармасының бастығы Г.И. Растягаева; Орынбор облысы Архив істері жөніндегі комитетінің төрағасы В.А. Рубин; Федералдық архив агенттігінің пайдалану және халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы К.Г. Черненков; Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы архивінің бас маманы О.А. Шашкова.
Отырыста Ресей мен Қазақстанда архив ісін дамыту туралы ақпаратпен алмасты, сондай-ақ, «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты бірлескен құжаттар жинағының, «Байқоңыр» атты тарихи-құжаттық көрменің дайындық мәселелері мен Ресей мен Қазақстанның архив мекемелерінің арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту сұрақтары талқыланды
Сондай-ақ, делегация мүшелері Омбы облысының Тарихи архивіне барып, тәжірибе алмасу мақсатында екі елде қолданылатын автоматтандырылған жүйелерді, электронды ресурстар мен ақпараттық-іздеу құралдарды практикалық пайдалану бойынша кәсіби кездесулерге қатысты. Осы тақырып бойынша ҚР ОМҒТҚА директоры Б. А. Жұматаева хабарлама жасап сөз сөйледі.
Қазақстандық делегация Омбы қаласының бірқатар музейлеріне барып экспонаттарымен танысты.











Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz