Новости:
10 маусым 2019 жыл
2019 ж. 10 маусымында ОМҒТҚА қызметкерлері әуесқой-боксшы 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997 және 1999 жылдардағы әлем чемпионаттарының жүлдегері, КСРО-ның спорт шебері (1988 ж.), ҚР бокстан халықаралық дәрежедегі еңбек сіңірген спорт шебері (2000), Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Сағиұлы Ыбрайымовпен ивент өткізді. Іс-шара Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылауға арналды.
Атақты спортшымен кездесуге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері шақырылды.
Ермахан Ыбрайымов біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен жақын болашақтағы мәселелері туралы айтып берді. Ол жоғары білім беру жүйесіндегі оқу орындарында мамандар дайындау сапасына қойылатын талаптардың өскенін, жыл сайын мемлекеттік грант санының көбейгенін атап өтті. Осыған байланысты, 2019 жыл - «Жастар жылы» деп жарияланғанын, көптеген ауқымды жастар жобаларының жүзеге асыруға тамаша мүмкіндігінің пайда болғанын да айтып берді.
Ермахан жастарды білім алуда ғана емес, сонымен қатар, спортпен айналысуына және еліміздің қоғамдық өмірінде белсенділікке шақырды.
Кездесу студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz