Новости:
11 маусым 2019 жыл
2019 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде ТМД елдері жас архившілердің ІІІ Жазғы мектебінің ресми ашылуы өтті.
Жас архившілердің Жазғы мектебі ТМД елдері архив мекемелері мамандары үшін дәстүрге күтілетін оқиғаға айналды. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
ІІІ Жазғы мектеп 2019 жылдың маусым айының 10-ы мен 14-і аралығында Алматы қаласында ҚР Президентінің Архиві мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізінде өтеді.
Жас архившілер форумының жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 100-ден астам адам қатысады. Олардың арасында ОМҒТҚА қызметкерлері бар. Жазғы мектептің лекторлары ретінде Польша, Ресей және Қазақстанның архив ісі бойынша жетекші мамандары шақырылып отыр. Іс-шара бағдарламасында пікірсайыс-талқылаулар, шеберлік сағаттары, іскерлік ойындар, танытылымдар, сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік архивтерімен танысу енгізілген.
Форумның ашылу салтанатына ОМҒТҚА директоры Б. А. Жұматаева қатысты.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz