Новости:
19 маусым 2015 жыл
Ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатындағы
құжаттар жинағының таныстырылымы

2015 ж. 18 маусым күні ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының конференс залында «Ғылыми медициналық мекемелердің тарихынан. Қазақстан: 1941-1945 жж. Құжаттар мен материалдардың жинағы» атты кітабының таныстырылымы мен дөнгелек үстел өткізілді. Жауапты редактор – Сәрсенова Г.С. Құрастырушылар ұжымы: Богданова О.С., Жұматаева Б.А., Грибанова Е.М. (жауапты), В.Е. Печерских – Алматы: Print Exspress, 2015. – 534 б. + қосымша 8 п. Жинақ Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкерлер ұжымымен дайындалды.
Ұлы Отан соғысы – оған қатысушылармен және олардың ұрпақтарының естерінен бір сәткеде ұмытылмайтын тарих беттерінің бірі. Бұл таңқаларлық емес. Соғыс сияқты төтенше жағдайлардан адамзат баға жетпес және алуан түрлі тәжірибе алады: соғыс өнері, құрбандық болу, өзін-өзі бағалау, жанашырлық, ақырында аман қалу.
Осы мәселенің төңірегіндегі тақырыптардың барлығы зерттеушілердің назарын аударады. Сол мерзімнің медицинасы және денсаулық сақтауы – ерекшелік емес. Соғыс уақытындағы денсаулық сақтау тарихына жүргізген көптеген зерттеулердің нәтижесінде әскери дәрігерлердің еңбектеріне қорытынды жасалынды. Соғыс кезінде 72,3 % жараланған және 90,6 % науқас жауынгерлер қатарға қайтарылған еді. Егер бұл пайыздарды сандық жүйеге келтірсек, онда 1941-1945 жж. медициналық көмектің арқасында қатарға қайтарылғандардың саны 17 млн адамды құрайды. Осы сандарға қарай отыра соғыс кезіндегі КСРО әскерінің саны (1945 ж. қаңтар айында 6 млн 700 мың адам) анықталады, ал жеңістің белгілі бір мөлшері осы медициналық көмектен кейінгі соғысқа қайтарылған жауынгерлер мен офицерлердің арқасында келді.
1925 ж. алғашқы медициналық профильдегі ғылыми-зерттеу мекемесі – ҚазКСР-нің ДСХК ҚазОАК атындағы өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты құрылған. Институттың ашылуына республикадағы эпидемиялық ауыр жағдай негіз болды. Инфекциялық аурулар өршіп тұрған еді: шешек, қызылша, дифтерия, ішек инфекциялары, әсіресе іш сүзегі. 1940 ж. тағы – 4 аналогиялық, соғыстың аяғында – 2 аналогиялық мекемелері құрылды. 1945 ж. Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 7 ғылыми-зерттеу институттары қызмет атқарды. Осы тұста атап өтетіні, оның ішіндегі 3-ің негізгі зерттеу мәселесі- инфекциялық аураулар болды. Жалпы қорытындысы – 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы отандық медицинамызға деген құрметімізді туғызады. Барлық алдыңғы соғыстар тәжірибесі ретінде, олардың ешқайсысы эпидемиясыз өткен емес. Қабылданған шаралардың арқасында Республикада жұқпалы аурулардың ірі эпидемиясына жол берілмеді. Жеке-жеке өршулер дереу жойылып тұрды.
Беріліп тұрған материалдар мен құжаттардың жинағы ғылыми-танымал түріндегі тақырыптық басылым болып табылады. Оны дайындау үшін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының сақтауында жатқан Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми-зерттеу институттарының 7 қорларының құжаттары бойынша айқындау және таңдау жұмыстары жүргізілді. Берілген мәтіндерде тікелей републикадағы және майдандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау, түрлі инфекциялық аурулармен күресу үшін жаңа және ғылыми әдістерді табу, жараланғандарды емдеу, сонымен қатар, соғысып жатқан елдің болашағы – әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау сияқты ҒЗИ қызметкерлерінің еңбектері кеңінен көрсетілген.
Кітап түпнұсқа басылым болып табылады: барлық 115 құжаттар алғашқы рет жарияланып отыр.
Іс-шара Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама және ведолмстволық мұрағаттарының қорларының негізінде жасалынған «Ғылыми медициналық мекемелердің тарихынан. Қазақстан: 1941-1945 жж.» атты көрме таныстырылымымен басталды. Одан кейін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның медициналық ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы жайында тарихын бейнелейтін Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты дайындаған деректі фильм көрсетілді.
Ары қарай, ОМҒТҚМ директоры Гүляйхан Саматқызы Сәрсенова «Победа над эпидемиями» атты баяндама жасады. Баяндамада Отандық медицинаның дамуына қомақты үлес қосқан медициналық қызметкерлер нақты аталып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республикалық медициналық ғылыми-зерттеу институттарының тарихы бойынша бұдан бұрын белгісіз және бірегей деректермен қанық болды. Сонымен қатар, слайд көрсетілімі жүргізілді.
Сөз сөйлеп Ш. Валиханов атындағы тарих және этнологии институтының бөлім басшысы, тарих ғылымының кандидаты Қ.С.Алдажұманов «Учёные Казахстана на службе у фронта» атты, ҚР Президенті мұрағатының бас сарапшылары Е.В. Чиликова «Медики Казахстана на страже эпидемиологического благополучия в период Великой Отечественной войны» атты, А.М. Исаева «Мониторинг партийными органами Казахстана эпидемической ситуации в республике в 1941–1945 гг.» атты, журналист Д.З. Игсатова «Первый руководитель службы охраны здоровья материнства и младенчества Казахстана – Аклима Бисенова», «Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымының ғылым және стратегиялық даму бойынша орынбасары, медицина ғылымының докторы Н.А. Алдашева «О вкладе сотрудников НИИ глазных болезней в Победу» атты, «Масғұт Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығы» РМКК маманы, медицина ғылымының докторы, профессор С.Ә. Әубакіров «Противочумные учреждения Казахстана в годы Великой Отечественной войны» атты, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары А.М.Исалова «Работа инфекционных и санитарных медицинских служб в г. Алма-Ате в годы Великой Отечественной войны» атты хабарлама мен баяндамалар жасап шықты. Дәрігер-фтизиатр, 1980–1985 жж. Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, медицина ғылымының кандидаты Д.Н. Калачёва өзінің ғылымдағы мұғалімдерін еске алып, мұрағат-ұжымына алғыс айтты.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар медицина қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, осы мейрам алдында, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ведомстволық мұрағатының меңгерушісі Г.Е.Исхаковаға өзінің мұрағатшы-лауазымдық қызметіне жауапкершілік және тиянақтылықпен қарағаны үшін ОМҒТҚМ директорының алғыс хаты берілді.
Өткізілген іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарының және ғылыми медициналық мекемелерінің басшылары, тарихшылар, медициналық қызметкерлер, сонымен қатар С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің мұғалімдері және т.б. қатысты.

Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатының қорлары бойынша дайындалған кинохроника көрсетілімі






ОМҒТҚМ директоры Г.С. Сәрсенова баяндамасы

















Құжаттар жинағы таныстырылымының қатысушылары






Құжаттар жинағы таныстырылымының қатысушылары






Масғұт Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығы» РМКК маманы, медицина ғылымының докторы, профессор С.Ә.Әубакіровтың хабарламасы






Дәрігер-фтизиатор, 1980–1985 жж. Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, медицина ғылымының кандидаты Д.Н. Калачёваның еске алулары






«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ведомстволық мұрағатының меңгерушісі Г.Е.Исхаковаға алғыс хаты беру кезені














«Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымының ғылым және стратегиялық даму бойынша орынбасары, медицина ғылымының докторы Н.А.Алдашеваның баяндамасы

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz