Новости:
18 қыркүйек 2019 жыл
2019 ж. 18 қыркүйегінде ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Ж. Қаламбаева ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде өткен Мысыр Араб Республикасының Елшілігі, Мысырдың Алматыдағы мәдениет және білім жөніндегі орталығымен көпжылдық ынтымақтастық аясында «Мысыр қазыналары» атты көрменің ашылуына қатысты.
Мысыр өркениеті - ежелгі әлемдік өркениет, оның басты жетістіктері иероглифтерді ойлап табуы, математика ғылымының пайда болуы, өнеркәсіпті игеру, зәулім ғимараттар (пирамидалар) құрылысы, суландыру жүйесі технологиясын ойлап табу, ауыл шаруашылығын жүргізудің тиімді әдістері және т. б. деуге болады. Мысыр тарихы мен мәдениетінің көптеген ескерткіштері бүгінге дейін сақталған.
Іс-шара қатысушыларыныңдың назарына фараондар әулетінің тарихын айқындайтын төмендегідей заттар ұсынылған: тұрмыстық заттар, папирус, былғары, металл, ағаштан жасалған бұйымдар, сондай-ақ сәндік-қолданбалы және каллиграфиялық өнердің заманауи туындылары, құдайлардың мүсіндері, ежелгі шам, құмған, құмыра, көркем безендірілген гүлсауыт, құмыра, металл мен ағаштан жасалған тарелкалар, седеп және сүйекпен безендірілген қобдишалар, ежелгі қорымдар мен құдайларды бейнеленген картиналар және т.б. заттар.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz