Новости:
07 қазан 2019 жыл
2019 жылдың 4 қазанында Нұр-Сұлтан қ. «Жадымыздан өше бастаған және жаңа туған есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция 2018 жылдың 5 сәуірінде архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының Бірінші отырысында бекітілген ресейлік және қазақстандық архивистердің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. Бұл шараның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві. Бірлескен ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві.
Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары Қазақстан халқының жасампаз қызметінде ғылым мен техниканың тарихы, инженерлік-техникалық ғылым зиялылардың рөлі ғылыми мекемелер мен зерттеушілердің назарынан тыс қалып жүр. Сондықтан да, ұйымдастырушылар, конференцияны дәл осындай тақырыпта өткізе отырып, алынған ақпараттармен ақтаңдақтарды толтыруды мақсатқа қойды.
Конференцияны ұйымдастырудың таза кәсіби себебі - Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қазіргі кезең құжаттарымен толтыру туралы алаңдаушылық. Архивистер өздерінің күнделікті қызметінде жүйелі түрде кейбір мекемелер мен компаниялардың басшыларында сақталатын құжаттар мен осы саладағы зерттеулердің өзара байланысы туралы білмеуі, бұл қоғамдық сақтау үшін қажетті көздерді алуға кедергі келтіреді. Бұл жұмыс әсіресе «Қазіргі Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын және «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысынан өзекті болып табылады. Біздің замандастарымыздың елдің өзекті мәселелерін шешуге қосқан нақты үлесін растайтын құжаттамалық базаны қалыптастыру және үнемі толықтыру қажет.
Архив тарихи тақырыптағы конференцияны екінші рет өткізіп отыр. Бірінші «Тарихтағы адам: Қазақстанның ғылыми, инженерлік және техникалық интеллигенциясының дереккөздері. 1920-1950 жылдар.» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 2017 жылдың сәуірінде Алматыда өтті.
Конференцияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Е. Бисақаев ашып, конференция қатысушыларына ҚР Мәдениет және спорт Министрі А.Р. Райымқұлованың құттықтау сөзін оқып берді. Содан кейін, мәлімделген тақырып шеңберінде баяндамалар тыңдалды. Ресейден Самара қ. Ресей мемлекеттік архиві директорының орынбасары М. А. Выборнова келді. Конференцияның модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. О. Артықбаев болды (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті).
Конференцияда келесі мәселелер талқыланды: өткен кезеңдерді зерделеуде архивтік дерек көздерінің, зияткерлік ой тарихын зерттеуде құжаттық мұраларды пайдалану мәселелерінің маңыздылығы; ХХ ғасырдың соңында отандық ғылым мен техниканың дамыуына елеулі үлес қосқан, бұл күнде жадымыздан өше бастаған тұлғаларға қатысты тарихи әділеттілікті орнату.
Сондай-ақ, конференция қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қорларының негізінде дайындалған тарихи-деректі көрмесі ұсынылды.
Конференцияға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, тарихшылар, архивистер, ЖОО мұғалімдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.


































Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz