ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
14 қазан 2019 жыл
2019 ж. 11 қазаныңда ОМҒТҚА қызметкері Н. Тұрсынбек ҚР Мемлекеттік орталық музейі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отыра Халықаралық «Ұлы дала қыры: заманауи кезеңдегі шығармашылық тәжірибелер мен көркем білім беру» атты Арт – форум аясында Өнер, мәдениет және спорт институтының (КСФ) 50-жылдық мерейтойына арналған профессор-оқытушы құрамының шығармашылық жұмыстарынан «Мерейтой палитрасы» атты көрмесінің ашылуына қатысты.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты Көркемсурет-графика факультеті ретінде танылыа келіп, 50 жыл ішінде мәдениет, өнер салаларында жоғары білікті кадрларды дайындаған қара шаңырақ.
Бүгінгі таңда, институтта профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттар, доценттер, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген мәдениет қайраткерлері мен жаттықтырушылары, спорт шеберлері, Қазақстан Республикасы Суретшілер, Дизайнерлер одағының мүшелері және басқа да шығармашылық бірлестіктер өкілдері жұмыс жасап, Қазақстан және алыс шетелдерде студенттерімен, шәкіртттерімен көрмелер ұйымдастырып, концерттер мен фестивальдарда белсенділік танытып жүр.
«Мерейтойлық палитра» экспозициясы отандық көркемдік білімнің заманауи негізін қалаушы тұлғалардың шығармашылық әлеуетін, тынымсыз ізденістер мен көркемдік эксперименттер нәтижелерін, қазақстандық суретшілер мен педагогтардың тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетуге арналған.
Шеберлердің әрқайсысының өзіне тән танымал және ерекше стилі бар. Сонымен бірге, барлық жұмыстар бір үлкен мерейтойлық палитрада ортақ мақсатқа біріктірілген - қазіргі Көркемсурет факультетінің барлық қырлары мен түстерін көрсетіп қана қоймай, өздерінің ойлары мен үміттерімен бөлісу.












_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все
10 тамыз 2020 жыл
10 тамыз - Ұлы Абай күні


07 тамыз 2020 жыл
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Халида Маманова» атты құжаттар мен материалдар жинағын дайындап, жарыққа шығарды.


20 шілде 2020 жыл
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің балаларына білім беруге арналған «Пайдалы бос уақыт» атты жаңа жобаны бастайды


13 шілде 2020 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ ұжымы коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group