2015 жылдың 23 маусымында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығында «Пламя Победы» атты 3 томды жинақтың таныстырылымы өтті. Басылым журналистердің тобымен Жеңістің 70 жылдығына орай дайындалды. Жинақта Ұлы Отан соғысының оқиғалары туралы сол соғысқа қатысқан қазақстандықтар әнгемелейді. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында сақталатын П.И. Мариковскийдің жеке қор құжаттары негізінде Р. Артемьева дайындаған «Он повлиял на картину мира» атты очеркісі 2-ші томында жарияланды. Іс-шара барысында ОМҒТҚМ өкілі «Ғылыми медициналық мекемелердің тарихынан. Қазақстан: 1941–1945 жж.» атты құжаттар мен материалдардың жинағы баспадан шыққаны туралы хабарлама жасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.