2015 жылдың 24 маусымында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының зерттеушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты Низами Шәмілұлы Мамедов мұрағатқа Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының 100 жылдығына орай шығарылған 2010 жылғы №4 және №6 «Ветеринария» журналын басылыммен бірге және бірінші күннің конвертін, мерейтойлық пошта маркасын, толық маркалық парағын, естелік конвертін сыйға тартты. Бұл құжаттардың барлығы мемлекеттік сақтауға алынып, «Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты» № 111 қордың № 1-6 тізімдемесіне енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.