Новости:
10 желтоқсан 2019 жыл
2019 ж. 9 желтоқсанында ОМҒТҚА қызметкерлері К. Насырова, Н. Тұрсынбек қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ақын, жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллин мен ауызша әңгіменің хас шебері, сатрик-жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрмесінің ашылуына қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде ұйымдастырылып отырған көрменің негізгі мақсаты – 30–40 жылдары құрбан болған зиялы қауымның азаматтық тұлғасымен таныстыру, өзге де дара тұстарын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Көрмеге Орталық музей қорындағы І. Жансүгіровтың, С. Сейфуллин, Б. Майлиннің жеке кешендеріндері, сонымен қатар замандастары – Т. Рысқұлов, С. Қожановтың жеке қорларынан алынған материалдары қойылды. Сондай-ақ, сол жылдардағы зиялы қауымның жұмыс кабинетінің көрінісі мен С. Сейфуллиннің жеке мөрі, алтын сағаты, портсигары, саквояжы және т.б. заттары келушілердің ең үлкен қызығушылығын тудырды.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz