2019 ж. 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық күні - Тәуелсіздік күні қарсаңында - «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ ұжымдық жиналыс өтті. Архив директоры Б.А. Жұматаева барлық қызметкерлерді осы мемлекеттік мерекемен құттықтады. Содан кейін архив мамандары М.Абдигали мен Е.Дүйсен мерекенің шығу тарихымен және оған қатысты оқиғалар туралы әңгімеледі. Хабарлама 1986 жылғы есте қаларлық оқиғалардың деректі бейнелерімен баяндалды.
Іс-шара архив қызметкерлерінің бірқатарына ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева алғыс хаттарымен марапаттаумен аяқталды.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.