Новости:
23 желтоқсан 2019 жыл
2019 ж. 20 желтоқсанында ОМҒТҚА қызметкері В.Е. Печерских Қазақстан Республикасы Президентінің архивінің 25-жылдығына арналған қорытынды іс-шараға қатысты.
Шараға ҚР Президенті архивінің ардагерлері, қор құрушылары, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, осы ұйымды әр жылдары басқарған барлық басшылары шақырылды.
Ғимарат фойесінде ҚР Президенті архивінің құрылу тарихын және оның дамуының негізгі кезеңдерін, сонымен қатар, мекеменің жоғары кәсіби ұжымының қалыптасуын бейнелейтін құжаттар көрмесі ұйымдастырылған.
ҚР Президенті архивінің директоры Д. Ю. Әбдіқадырова ұйымның ширек ғасыр жасаған қызметі туралы баяндап берді. Содан кейін, Г. А. Карпыкова, Л. Д. Дегитаева, В. Н. Шепель, Б. А. Жапаров өздерінің естеліктерімен бөлісті.
ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілі архив ұжымына ҚР Президенті Әкімшілігінің Кеңсе бастығының құттықтауын оқып, архивтің бұрынғы басшыларына және қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан қызметкерлеріне мемлекеттік награданы және алғыс хаттарды табыс етті. Осындай алғыс хаттар архивтің басшылық атынан, республикалық кәсіп одақтан, сондай ақ, «Нұр Отан» партиясының өңірлік бөлімшесінен архивтің бірқатар қызметкерлеріне берілді.
Жиналғандарға ҚР Президентінің Телерадиокешені осы мерейтойға арнайы дайындаған архив туралы деректі фильм көрсетілді.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz