Новости:
30 қантар 2020 жылы
2020 жылдың 30 қаңтарында елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Алқа жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Парламент депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ министрлік жанындағы ұйымдардың басшылары қатысты.
Алқа мәжілісінің басты тақырыбы - Елбасының «Сындарлы қоғамдық сұхбат - тұрақтылық пен өркендеудің негізі» Жолдауын, Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы мен Елбасының «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын, министрліктің негізгі басымдықтарын талқылау. Кездесуде сонымен қатар туризм, тіл саясаты мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары талқыланды.
Министр А. Р. Раимқұлова жиналғандарға министрлік пен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді және 2020 жылы атқарылатын жұмыстар туралы айтты.
Алқа мәжілісіне Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві басшысы Б. А. Жұматаева қатысты.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz