Новости:
20 ақпан 2020 жылы
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы ҚР Сәулет одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген құрылысшы, профессор, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «KAZGOR» Жобалау академиясының Алғашқы Президенті Тәтіғұлов Әбдісағит Шаймұханбетұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты «KAZGOR» Жобалау академиясының ұжымына және оның Президенті Тәтіғұлов Айдар Әбдісағитұлына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Әбдісағит Шаймұханбетұлының басшылығымен және қатысуымен Алматы қаласында және республикамыздың басқа да қалаларында көптеген бірегей нысандар жобаланып салынды. Академияның жобалары ірі және беделді халықаралық сәулет форумдарында бірнеше рет дипломдарға ие болған.
Әбдісағит Шаймұханбетұлының мемлекетімізге сіңірген еңбегі үшін «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендерімен және медальдарымен марапатталған.
Әбдісағит Шаймұханбетұлының есімі біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады.


















Ә.Ш. Тәтіғұловпен қоштасу рәсімі 2020 жылдың 21 ақпанында сағат 10:00 Абылай хан даңғылы 81, Әйтеке би көшесінің қиылысында «KAZGOR» Жобалау академиясында өтеді.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz