ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
10 наурыз 2020 жыл
ҚР ОМҒТҚА ұжымы дайындаған «Жадымыздан өше бастаған және жаңа туған есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Нұр - Сұлтан қ., 2019 ж. 4 қазаны / Редакциялық алқасы: Б.А. Жұматаева, Ж.Ә. Қаламбаева, В.Е. Печерских. – Алматы: Print_express, 2020. 184 с. +32 п. қосымша парақтар/ жаңа басылым жарық көрді
2019 жылдың 4 қазанында Нұр - Сұлтан қ. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әріптестермен бірлесіп «Жадымыздан өше бастаған және жаңа туған есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияда келесі мәселелер талқыланды: өткен кезеңдерді зерделеуде архивтік дерек көздерінің, зияткерлік ой тарихын зерттеуде құжаттық мұраларды пайдалану мәселелерінің маңыздылығы; ХХ ғасырдың соңында отандық ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан, бұл күнде жадымыздан өше бастаған тұлғаларға қатысты тарихи әділеттілікті орнату.
Конференция ҚР Мәдениет және спорт Министрі А.Р. Райымқұлова және ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаеваның құттықтау сөздерімен басталып ары қарай қатысушылардың баяндамаларымен жалғасты.
Басылымның бейне тарауында 2 қосымша бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімінде конференция барысын бейнелейтін фотосуреттер жарияланған. Басылымның екінші бөлімінде конференцияға қатысушылардың баяндамалар мазмұнына қосымша ақпарат беретін материалдар ұсынылған.
Жинақтың соңында конференцияға хабарлама мен баяндамалар дайындаған қатысушылар туралы қысқаша мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, осы жерде іс-шара аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылардың конференция туралы ой-пікірлері орналастырылған.



_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все
22 мамыр 2020 жылы
2020 ж. 22 мамырында ОМҒТҚА ұжымында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бірқатар архив мамандарына ҚР Мәдениет және спорт Министрінің ведомстволық төс белгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды.


20 мамыр 2020 жылы
2020 ж. 20 мамырында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Жауапты хатшысы Б.Б. Темірболат төрағалық еткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары бойынша министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен онлайн-кеңес өткізілді.


19 мамыр 2020 жылы
ОМҒТҚА ұжымының бір бөлігі өзінің қызметін жұмыс орнында – архив ғимаратында орындауға мүмкіндік алып, екінші еңбек аптасын аяқтады.


09 мамыр 2020 жылы
2020 жылдың 9 мамырында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Акимович Абдуловты Жеңіс күнімен құттықтады. Қымбатты Иван Акимович, Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group