Новости:
20 наурыз 2020 жыл
2020 жылдың 24 наурызында Х. Е. Маманованың туғанына 102 жыл болады.
Профессор, медицина ғылымдарының докторы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Маманова Халида Есенқұлқызы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Ақсу ауданы, Қарағаш қыстауында ірі малшы- Есенқұл Мамановтың отбасында дүниеге келген. 1928 ж. әкесінің дүние мүлкі тәркіленіп отбасымен бірге Чкалов қаласына жер аударылған. 1933 ж. Маманова Халида техникумға қысқа мерзімді курстарға оқуға түсті. 1934 ж. БЛКЖО қатарына кірді.
1937 Қазақ медициналық институтының студенті болып оның жеделдетілген курсын аяқтап, 1941 жылы диплом алғаннан кейін КСРО ғылым Академиясы физиология Институтының аспирантурасына түсті.
1942 жылдың ақпан айында Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Әскері қызметін айыпкерлер батальонында қатардағы жауынгерден бастап соғыс соңына қарай медицина қызметінің капитаны болды. 1945 жылдың 26 желтоқсанында соғыстан қайтты.
1946 жылдың 1 ақпанын бастап 1950 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақ медицина институтының патологиялық физиология кафедрасының ассистент (көмекші) қызметін атқарып жүрді. 1950 жылдың 3 желтоқсаны мен 1951 жылдың 20 тамыз аралығында Алматы ауыл ауданының Фрунзе дәрігерлік учаскесінің меңгерушісі болды. 1951 жылдың 10 қарашасында ҚазКСР кәсіподақ мекемелерінің сақтандыру дәрігері болып қызметін ауыстырды.
1954 ж. кандидаттық диссертациясын қорғап, Қарағанды медициналық институтының физиология кафедрасында еңбек етті. Осы Институтта жұмыс істеген кезінде оның жетекшілігімен 6 кандидаттық диссертация қорғалды. 1959 жылдың 1 тамызында Ақтөбе мемлекеттік мединституттың патологиялық физиологии кафедра меңгерушісі қызметіне шақырылды. 1961 жылы осы кафедраның доценты болып, 1967 жылы докторлық диссертациясында қорғады. 1964 жылы КОКП кіріп, 1967 жылы Ақтөбе қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды.
1977 жылы Х.Е. Маманова Болгарияға барған сапары, өкінішке орай, қайғылы аяқталды.
2019 жылы Х.Е. Маманованың құжаттары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне мемлекеттік сақтауға берілді. Қазіргі кезде ОМҒТҚА 1941-1945 жж. ҰОС Жеңісінің 75-жылдығына арналған қорқұрушысы Х.Е. Маманованың жеке қор құжаттарының негізінде жинақты дайындауда.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz