Новости:
16 сәуір 2020 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері карантинге байланысты оқшаулау жағдайында өз жұмысын жалғастыруда.
Жоспарға сәйкес архив сайттында орналасқан ғылыми-техникалық құжаттама бойынша электронды каталогты толықтыру жұмысы жүргізіп тұр.
«Халида Маманова» атты құжаттар мен материалдар жинағын, сонымен қатар, ОМҒТҚА сараптама үшін облыстық архив әріптестеріміздің жіберілген жинақтардың шығарудан бұрын беттеп оқу жұмыстары атқарылуда.
Сайттың «Ауызша тарихы» бөлімінде пайдаланушылар мен зерттеушілердің қызығушылығың арттыратын архив қызметкерлерінің бірқатар жаңа материалдары жарияланды.
Төтенше жағдай жарияланып оқшаулау жағдайы қалыптасқанына байланысты архивтің «ОМҒТҚА электронды құжаттары» атты жаңа айдары құрылды. Осы айдарда архивтің құжаттық жинақтардың, ОМҒТҚА ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының толық мәтіндері және әдістемелік құралдардың эдектронды нұсқалары орналастырылған. Сондай-ақ, ҚазҒЭК (kazneb.kz) ақпараттық ресурсына берілген кітаптардың сілтемелері көрсетілген. Осы жерде ОМҒТҚА мамандары оқшаулау жағдайында дайындаған бейнероликтерін көруге болады.
Сондай-ақ, архив ісі мен іс қағаздарын жүргізудің ең өзекті мәселелері бойынша жаңа әдістемелік құралдарды жазу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Ведомстволық архивтер өз қызметінде құрастыратын тізімдемелер, істер номенклатуралары және т.б. нормативтік құжаттарды дайындау бойынша қор құраушыларға кеңестер қашықтан режимінде жүзеге асырылуда.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz