Новости:
27 сәуір 2020 жыл
Оқшаулау жағдайында тағы бір еңбек аптасы аяқталды. Бұл жағдай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлеріне үйреншікті емес болса да, олар өз жұмысын жалғастыруда.
Жоспарға сәйкес архив сайттында орналасқан ғылыми-техникалық құжаттама бойынша электронды каталогты толықтыру жұмысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың 26 сәуірі жағдайы бойынша «Электронды каталог» дерекқорына енгізілген жазбалардың жалпы саны (карточка) 11 631 құрайды.
«Халида Маманова» атты құжаттар мен материалдар жинағын шығарудан бұрын екінші рет беттеп оқу жұмыстары аяқталып, есімдер көрсеткіші құрылды.
«Ауызша тарихы» айдары архив қызметкерлері дайындаған жаңа материалдарымен толықтырылды.
«ОМҒТҚА электрондық құжаттары» айдарында архив мамандары үшін мақалаларды дайындап жазу бойынша бейнеролик түрінде әдістемелік ұсыныстар орналастырылған.
Сондай-ақ, архив ісі мен іс қағаздарын жүргізудің ең өзекті мәселелері бойынша жаңа әдістемелік құралдарды жазу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қашықтық режимінде ОМҒТҚА қызметкерлері «Қазақ биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК әріптестерімен бірге бейнеконференция өткізді. Конференция барында, осы мекеменің тізімдемелерін құрастырушыларына ОМҒТҚА СТӘК берілген құжаттарды пысықтау бойынша әдістемелік кеңес-көмектер көрсетілді. Сондай-ақ, осы қашықтық режимінде ОМҒТҚА құрылымдық бөлімшелерінің бейнемәжілістері жүргізілуде.
ОМҒТҚА ұжымы Алматы қ. мемлекеттік архивінің қызметкерлері дайындаған челлендж эстафетасын қабылдай отырып «Біз біргеміз!» атты музыкалық композициясын орындады. Бейнеролик әлеуметтік желілерде таратылып келесі эстафетасы Шымкент қаласының мемлекеттік архивінің ұжымы тапсырылды.
Оқшалау жағдайындағы жұмыс жалғасуда. Біз біргеміз!








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz