Новости:
19 мамыр 2020 жылы
ОМҒТҚА ұжымының бір бөлігі өзінің қызметін жұмыс орнында – архив ғимаратында орындауға мүмкіндік алып, екінші еңбек аптасын аяқтады.
Архив қызметкерлері құжаттарға қол жеткізіп, архив қоймаларында қорлардың орнын ауыстыру мен оңтайландыру, өшіп бара жатқан мәтіндерді, №99 қордың аса құнды құжаттарын анықтау, тізімдемелерді қалпына келтіру жұмыстарын қайта бастады. Сондай-ақ, әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау бойынша жұмыстар жалғасуда. ҚР Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың 80-жылдығына орай көрме экспозициясы үшін құжаттарды айқындау жұмыстары ұйымдастырылуда. ОМҒТҚА қор құраушыларымен және әлеуетті жеке қор иелерімен қолданыстағы қорларды толықтыру, сонымен қатар, жаңа қорларды қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Қорлар бойынша шолулар, архив құжаттарының негізінде жаңа жарияланымдар дайындалып жатыр. Азаматтардын сұраныстарын қабылдап, телефон арқылы кеңестер беру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Жоспарлы түрде архив сайттында орналасқан ғылыми-техникалық құжаттама бойынша электронды каталогты толықтыру жұмысы жалғасуда.
Бұл жұмыстардың барлығы көзделген санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтай отырып жүргізілуде.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz