Новости:
05 маусым 2020 жылы
2020 ж. 5 маусымында Шымкент қ. мемлекеттік архиві 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырған «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинарға ОМҒТҚА директоры Б. А. Жұматаева қатысып, архив ұжымы осы мерейтойға арналған жобаларды іске асырғаны туралы айтып өтті. Бұл Ресей Федерациясымен бірлескен «Қазақстан Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдарында» құжаттар жинағын дайындау; жыл сайын осы мереке күндері архив сайтында дәстүрлі ұйымдастырылатын «ОМҒТҚА Мәңгілік полкі» виртуалды көрмесін жариялау; архив қызметкерлері өздерінің туыстары - Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы әңгімелеп отбасылық архив құжаттары көрсетіп, бейнефильм жасау және оны әлеуметтік желілерге тарату; соғыс ардагері И. А. Абдулов және басқа да бірқатар ардагерлерді құттықтау және басқа іс-шаралар өткізу.
Б. А. Жұматаева осы жылы ОМҒТҚА мемлекеттік сақтауға қабылданған Ұлы Отан соғысына қатысушы Х. Е. Маманованың құжаттарын атап өтті. Қазіргі уақытта архив ұжымы осы қордың материалдары негізінде жақын арада шығарылатын құжаттар жинағын дайындауда.
Вебинарға республиканың мемлекеттік архив өкілдері, сондай-ақ ғалым-тарихшылар қатысып баяндамалар жасады.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz